Құрылтай
» » Заманауи кітапхана ашылды

Заманауи кітапхана ашылды

ЖОСАЛЫ, 17 желтоқсан – qarmaqshy-tany.kz 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы және «Нұр Отан» партиясының «Қазақстан кітапханаларының заманауи білім орталығы» жобасы аясында аудандық Балалар кітапханасы жанынан «COWORKING» орталығы ашылды.
Жастардың уақытын тиімді өткізу, өзара қарым қатынас орнату мақсатында арнайы жабдықталған, заман талабына сай орталықтың мақсаты барлық санаттағы жастардың ақпараттық қажеттілігін жедел қанағаттандыру үшін үздік әлемдік тәжірибені пайдаланып, кітапханалардың жаңа заманауи үлгісін құру болып табылады.
«COWORKING» орталығының ашылуына «Нұр Отан» партиясы Қармақшы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Буханов Дастан Әбдібекұлы, Халықаралық «Қазақ тілі қоғамы» Қармақшы аудандық филиалының төрайымы Раева Гүлжауһар Төлегенқызы, Қармақшы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Наурызбаева Нұршат Бегежанқызы, мәдениет саласының ардагерлері және ата-аналар мен оқушылар қатысты.
17 желтоқсан 2019 ж. 1 698 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

№55 (10523)

25 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 573
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 038

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31