» » Дауылкөл диқандары дән жинауға кірісті

Дауылкөл диқандары дән жинауға кірісті

ҚЫРКҮЙЕК ПЕН ҚАЗАН АЙЫ АЙМАҚТА ЕГІН ОРАҒЫНЫҢ ҚЫЗАТЫН ШАҒЫ. БҰЛ УАҚЫТТА ЕҢБЕККЕРЛЕРДІ АУЫЛ ІШІНЕН ІЗДЕСЕҢІЗ ТАППАЙСЫЗ, ОЛАР ТАҢНЫҢ АТЫСЫ, КЕШТІҢ БАТЫСЫ ҚЫРМАН БАСЫНДА. АУДАНҒА ҚАРАСТЫ ТҰРМАҒАМБЕТ АУЫЛЫ БҮГІНДЕ ЕГІНГЕ АЛҒАШ ОРАҚ САЛҒАНДАРДЫҢ БІРІ. МҰНДАҒЫ ЖЕР ЕМГЕН ДИҚАНДАР КӨКТЕМДЕ ЖЕР-АНАҒА СЕПКЕН САРЫ АЛТЫННЫҢ ДӘНІН АЛА ЖАЗДАЙ КҮТІП БАПТАП, ЕНДІГІ ЖЕРДЕ ЕҢБЕКТІҢ ЖЕМІСІН КӨРУДЕ. БҰЙЫРСА БІТІК ӨСКЕН БИЫЛҒЫ ЕГІН ҚАМБАНЫ ЕСЕЛЕП ТОЛТЫРАДЫ ДЕП ҮМІТТЕНІП ОТЫР.
Биыл Сыр өңірінің шаруашылықтары дария суының тапшылығын көрді. Алайда күріштің гектарынан тым қысылмаудың қамын жасап, су насостарын қолданды. Дегенмен облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес кей шаруашылықтар егін көлемін азайтты. Суды аз қажет ететін дақыл түрлерін қолға алды. Аудан бойынша биыл 12773 гектар жерге күріш егілсе, оны күтіп баптау және сумен қамтамасыз ету мақсатында ерте көктемнен бастап жұмыстар жүргізілді. Былтырғыға қарағанда биыл күріш көлемі 383 гектарға аз егілді. «ҚазСуШаруашылығы» тарапынан және аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында облыстық табиғи ресурстарды қорғау және реттеу басқармасы тарапынан 19 электрлі және дизельді насостар беріліп, егінді суғаруда тынымсыз жұмыс істеді.
Қош. «Тұрмағамбет» ЖШС шаруашылығы күзгі жиын-терімге, сонымен қатар егілген күріштен жоғары өнім алуға жүз пайыз дайын. Ауылшаруашылық техникаларынан 3 МаcDon және 1 Енисей жаткасы, 5 CLAAS, 1 CASE комбайны егіннің бір дәнін қалдырмай жинауға сақадай сай тұр. Жанармай қоры да жеткілікті. Шаруашылық төрағасы қазіргі таңда жұмыстың басын бастап та кеттік дейді ол өз сөзінде.
– Биылғы судың тапшылығы барлық шаруашылыққа мәлім. Соның ішінде «Тұрмағамбет» шаруашылығы судың аздығын қатты көрді. Себебі біздің аймақ Шіркейлі каналының оң жағалауында орналасқан және соңындамыз. Соған қарамастан 3 дана дизельді және 2 дана электрлі насосты іске қосып, егінге барынша пайдаландық. Дегенмен су жетпей қалған жерлеріміз де бар. Бірақ барға шүкіршілік етудің арқасында биыл егініміз жаман болған жоқ. Күріштің «Лидер» және «Сыр сұлуы» сорты егілді. Одан бөлек суды аз қажет ететін дақыл түрлерін қолға алдық. Мәселен, 200 гектарға мақсары ексек, 50 гектарға бидай орналастырдық. Биыл несібемізге қарай барлығының шығымы жақсы. Енді жауын-шашыннан аман болсақ күрішті шашаусыз жинап аламыз деген үмітіміз бар, – дейді шаруашылық төрағасы Нұржан Пірмантаев.
Қазір диқандар үшін ауа-райы қолайлы болып тұр. Ендігі мақсат қырдағы бұйырған астықты қолда бар техниканың тоқтаусыз күшімен қамбаға жинау. Ең бастысы – дауылкөлдіктердің даладағы еңбегі еселі.
Ерсін ӘБЛӘКИЕВ
13 қыркүйек 2022 ж. 825 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№102 (10367)

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Ақсұлу
29 желтоқсан 2024 ж. 153
СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ

20 қараша 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031