» » Егінжай басында қызу еңбек

Егінжай басында қызу еңбек

 Қазір егін орағы науқанының қызған шағы. Диқан қауымы жаңа астықты жинап алу қамына кірісіп кеткен. Олар берекелі күздің әр күнін қалт жібермей астық ору қарқынын үдете түсуде. Ел қамбасын толтыру жолында тірнектеп еңбек етіп жүргендердің ендігі міндеті – егін орағы науқанын лайықты атқару.
Облыстың басты дақылы – ақ күріш екені белгілі. Тарихи деректерге көз жүгіртсек, Сыр өңіріндегі алғашқы күріш егісі 1896 жылы пайда болған екен. Міне, содан бері күріш өнімін жинау жағынан еліміздегі негізгі аймаққа айналдық. Бүгінде облысымыз республиканың 90 процентін күрішпен қамтамасыз етіп отыр десе болады.

Бүгінде ауданға қарасты шаруашылықтар егін оруды бастап кетті. Олардың алғашқы егін ору науқандарына аудан әкімі, оның орынбасарлары мен бөлім басшылары арнайы қатысып, диқандарға сәттілік тіледі. Ақсақалдар бата беріп, сала ардагерлері қажырлы еңбекке үндеді. Ақ батамен бастау алған егіншілердің жұмысы қарқынды жүргізілуде. Біз орақ жұмысының барысын білмекке сала мамандарына хабарластық.
– Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуда әртарап­тандыру жұмыстары қарқынды түрде жүруде. Күріш егісінің көлемі су тапшылығы болжамына байланысты былтырғы көлемнен 500 гектарға қысқарып отыр, есесіне әртараптандыру дақылдарының көлемі 1372 гектарға артып, картоп, көкөніс, бақша дақылдарының көлемі 232 гектарға, мал азығы дақылдарының көлемі 878 гектарға артық орналастырылған болатын. Аудан бойынша 13 156 гектар жерге күріш егілсе, бүгінде оның  6970 гектары орылып, 5269 гектары бастырылды. Қазіргі уақытта диқандар егінжайдың 40 процентін жинап үлгерді. Егін жинауда техника қашанда шешуші рөл атқаратыны белгілі. Ауданда өнім жинау науқанына 152 трактор, 82 комбайн, 84 жатка, 62 жүк көлігі мен 94 трактор тіркемесі  жұмылдырылуда, – дейді ауылшаруашылығы бөлімінің  бас маманы Сабырхан Зайыров.
Жалпы, биылғы жылдың егін орағын қоры­тын­дылауға әлі ерте. Егін салып, Жер-Ананың ырыздығына кенелемін деген шаруалар әлі де таңның атысы, күннің батысы егістік басында.


Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ,
Айнұр ӘЛИ (сурет)
25 қыркүйек 2021 ж. 418 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (10294)

13 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930