» » Егінге орақ түсті

Егінге орақ түсті

Бүгін Қармақшы ауданының әкімі Нұртай Қайрат Ырзақұлұлы мен Парламент Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы ІІІ Интернационал ауылдық округіндегі «Достық Жер МК» ЖШС-нің егіс алқабымен танысып, күрішке алғашқы орақ салу рәсіміне қатысты.
Жиында «Достық Жер МК» шаруашылығының биылғы жылғы егін жинау науқанына дайындық барысы туралы және ауыл шаруашылығы өнімдерінен әзірленген көрмемен танысты.
Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуда әртараптандыру жұмыстары қарқынды түрде жүруде. Күріш егісінің көлемі су тапшылығы болжамына байланысты былтырғы көлемнен 500 гектарға қысқарып отыр, есесіне әртараптандыру дақылдарының көлемі 1372 гектарға артып, картоп, көкөніс, бақша дақылдарының көлемі 232 гектарға, мал азығы дақылдарының көлемі 878 гектарға артық орналастырылды.
Құрметті егінші қауым, баршаңыздың еңбектеріңізге сәттілік тілеймін, алдағы егіс науқанында жоғары нәтижелермен кездесейік,-деді аудан әкімі Қайрат Ырзақұлұлы.
Ауыл ардагері Мұхтаров Сайлау жыл жемісті болып елдің ризығы мол болуына және бітік шыққан егінді төкпей-шашпай жинап алу бағытында жиналған жұртшылыққа батасын берді.
Іс-шараның қорытындысында күріш егісінің алқабында аудан әкімі мен қонақтар егінге алғашқы орақ салу рәсіміне қатысты.

Суретті түсірген
Ерсін СӘДУҰЛЫ







28 тамыз 2021 ж. 914 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 041
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 709

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031