» » Өңірде 188,2 мың гектар алқапқа егін егіледі

Өңірде 188,2 мың гектар алқапқа егін егіледі


Биыл облыста 188,2 мың гектарға егін егу межеленіп отыр. Тек күріштің көлемі 5,1 мың гектарға азайтылады. Оның орнына әртараптандыру бағыты бойынша дәнді, майлы дақылдар егілетін болады. Мәселен 96,6 мың гектарға дәндi дақыл, 6,7 мың гектарға майлы және 66,4 мың гектарға мал азықтық, және 18,4 мың гектарға картоп, көкөніс, бақша дақылы егіледі.

- Қазіргі таңда тұқым тазалау жұмыстары жүргізілуде. Жалпы, егін маусымына 21 090 тонна жоғары репродукциялы күріш тұқымы, 638 тонна жаздық бидай, 50,4 тонна арпа, 8,6 тонна тары, 215,6 тонна жоңышқа және 164,2 тонна мақсары тұқымы қажет.
Сондай-ақ, шаруашылықтар тарапынан минералдық тыңайтқыштардың 25,0 мың тоннасы, 5925 литр гербицид сатып алынды. Бұған қоса, көктемгі егінге су алуға қатысты жұмыстар жасалуда, -деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Шахмардан Қойшыбаев.

Көктемгі дала жұмыстарына 1821 трактор, 465 соқа, 229 тұқым сепкіш, 343 автомашина және 810 трактор тіркемесі қатысады. Қазіргі таңда 1088 трактор, 287 соқа, 138 тұқым сепкіш, 235 жүк көлігі, 531 трактор тіркемесі жөндеуден өткізілді.
10 ақпан 2021 ж. 642 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (10465)

20 желтоқсан 2025 ж.

№96 (10464)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 113
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031