» » «СЫР СҰЛУЫНА» орақ түсті

«СЫР СҰЛУЫНА» орақ түсті


Сәрсенбінің сәтінде Дүр Оңғар ауылының диқандары алқаптардан өнім жинауға кірісті. «Жаңажол» ЖШС шаруашылығының №3 егіс бригадасында күріштің ерте пісетін «Сыр сұлуы» сортына алғашқы орақ түсті. Егіншілердің қуанышына ортақтасуға аудан әкімі Мұса Қалдарбеков және бірқатар сала ардагерлері қатысты.
Келген қонақтар алдымен ауылдан шыққан бақша өнімдерімен танысты. Көздің жауын алатындай сөреге айналдыра қойылған қауын-қарбыз, асқабақ, картоп, қияр-қызанақ, алма, шабдалы жемістері келгендерді тамсандырмай қоймады. Одан бөлек, облыстағы Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш ғылыми зерттеу институтымен бірлесіп егілген «Сыр сылуы» сортының жаңа өніміне өңір басшысы оң бағасын берді.
Жиында аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Әсет Омаров пен «Жаңажол» ЖШС директоры Орынбасар Төлепов күзгі егін жинау науқанына дайындық барысымен таныстырды.
Жалпы биыл аймақта барлығы 22912,2 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Негізгі дақыл күріштің көлемі 13496 гектар. Ал Дүр Оңғар диқандары өздеріне тиесілі 4286 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын ексе, 2920 гектарға күріш дәнін сепкен. Оның 300 гектары – «Янтарь», 2520 гектары – «Лидер», 100 гектары – «Сыр сұлуы» сорттары. Егінді жинауға барлығы 102 техника жұмылдырылған. 10 «CLASS» комбайны, 15 жатка, 44 трактор және 9 жүк көлігі бүгінде сақадай сай тұр.
Кезек лента қию рәсіміне ойысып, аудан әкімі Мұса Оспанұлы дала еңбеккерлеріне сәттілік тіледі.
– Күріш біздің елдің, Сыр бойының негізгі байлығы. Ендігі мәселе осы байлықты шашпай-төкпей ысырапсыз жинап алып, халықтың игілігіне жарату. Бұл үшін барлық жағдай жасалынды. Егін жинауда техника қашанда шешуші рөл атқарады. Алдағы уақытта өнімдеріңіз мол, еңбектеріңіз жемісті болсын, – деді аудан басшысы.
Ауыл еңбек ардагерлерінің ақ батасынан кейін теңіздей толқыған жазира алқапқа осылайша орақ салынды. Дала кемелерінің бүйіріндегі бункерлер егін жайды бір айналғанда-ақ сары алтын дәнге толуда. Егінжай төсіндегі қарбалас тірлік ертеден қара кешке дейін ендігі бір толас таппасы анық. Жылда «Озат бригадир» атанып жүрген №3 егіс бригадасының бригадирі Балтабай Сәметовтің 100 гектарға егілген «Сыр сұлуынан» 60 центнерден жоғары өнім алатынына бүгінде сенімі мол.

Ерсін СӘДУҰЛЫ
(сурет автордыкі)
05 қыркүйек 2020 ж. 1 427 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031