» » Орақ науқаны қыза түсті

Орақ науқаны қыза түсті

Қызылорда облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қамбарбек Амангелдіұлы Қармақшы ауданында жұмыс сапарымен болып, шаруашылықтарды аралап, орақ науқанының барысымен танысты.Сапар барысында бірге болған болған аудан әкiмi Мұса Оспанұлы диқандардың жұмысына оң бағасын берiп, егiн жинау науқанын белгiленген мерзiмде аяқтау үшiн жұмыс қарқынын төмендетпеуге кеңес бердi.
Биылғы жылы «Тұрмағамбет» ЖШС шаруашылығы 2700 гектарға , «Жаңажол» ЖШС 3050 гектарға, «Достық Жер» МК ЖШС 2392 гектарға егіс көлемін орналастырған.
Танап басындағылар осы күнi өнiмнiң көп бөлiгiн 70 пайызға жуығын бастыруға кiрiстi. Ауа райы оң қабақ танытса, диқандар жауапты науқанды алдағы 10 күннiң iшiнде аяқтамақшы.
Биылғы жылдың жаңалығы 40 гектар жерге соя дақылы тәжірибе ретінде егілді.
«Тұрмағамбет» ЖШС Алматы қаласынан сояның ерте пісетін «Жансая» сортының 2 тонна І-репродукциялы тұқымын алдырып, 20 гектар жерге облыстық Ы.Жахаев атындағы Қазақ Күріш Ғылыми Зерттеу Институтымен бірлесіп өсіруде.
Сонымен бірге, «Жаңажол» ЖШС 20 гектар жерге егістік жерді суармай бұрын күріш егілген алқапқа ерте егу арқылы жоғары өнім жинау технологиясын қолданып, соя өсіруге тәжірибе жасауда. Әзірге 2 шаруашылықта да шығымы жақсы.
Келесі жылы шаруашылықтарда сояның егіс көлемін 500 гектарға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр.
Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі



28 қыркүйек 2019 ж. 1 021 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 329
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031