» » Озат шаруашылық

Озат шаруашылық

Күз мезгілі басталғалы аймақта егін жинау науқаны басталды. Бүгінде әр шаруашылық өз өнімдерін жинаудан үздіктер қатарынан көрінуге асығуда. Мұндай шаруашылықты ауылдар арасынан табуға болады. Есімі елге мәлім Дүр Оңғар қай кезеңде де Сыр салысын өндіруде озат ауыл. Оны осындай дәрежеге жеткізіп, абырой биігінен көрсеткен – «Жаңажол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Орынбасар Төлепов басшылық ететін бұл шаруашылық биыл тағы рекорд жаңартып үздіктер қатарынан көрінбек. Олар таңның атысы, кештің батысы егіс пен қырман басында. Іздесең сол жақтан табасың.
Дүр Оңғар ауылына сапарлағанда көшеде бос жүрген жан баласын көрмедік. Егінжайдың орталығы – қырман демекші, ауыл азаматтарын сол қырман басында кездестірдік. Тынымсыз тіршіліктің нағыз қызығы осында. Ауданға іргелес жатқан шаруашылық осы жылы да қамбаны астыққа толтырып, күріш өндірісін дамытуда ерекшеленбек. Қазіргі таңдағы қызу қарбалас осыған дәлел. «Жаңажол» ЖШС күзгі егін жинаудағы тыныс-тіршілігімен танысу үшін шаруашылықтың бас аграномы – Төлеу Ералиевпен кездестік. Ол биылғы егін өнімнің бітік шыққанын және жақсы жетістікке қол жеткізетінін айтты.
– Серіктестік бойынша 3050 гектарға күріш егілді. Оның 2650 гектары – «Лидер» сорты болса, 400 гектары – «Янтарь». Қазір таңда 1500 гектар күріш орылып, одан 67 центнер өнім алынуда. Әлі 1000 гектардай орылмағаны бар. Одан бөлек 100 гектар бидай, 2 гектар көкөніс және 4 гектар алмабақ егілді. 5 гектар картоптан 8 тоннадан өнім алып, жыл аяғына дейін 40 тонна жинаймыз деген үмітіміз бар. Жалпы былтырғыдан биылғы көрсеткіш жоғары. Оған қоса ауа-райы өте қолайлы болды, – деді бас аграном.
Аталған шаруашылықта озат бригадирлер баршылық. Оның қатарында Балтабай Сәметов пен Тілеужан Жарылқасынов көш бастап тұр. Балтабай бұған дейін облыстың бір дүркін, ауданның төрт дүркін чемпионы болған. Осы жылы да чемпион болудан үміткер. Ол 200 гектар жерден 73 центнер өнім алуда. Ал Тілеужан жұмысты ұйымдастыру жағынан алда.
«Жаңажол» серіктестігінде күріш сақтайтын қоймалар жаңартылған. Былтыр сыйымдылығы 1560 тонна болатын күріш сақтайтын қойма іске қосылса, биыл 2500 тонна Сыр салысын сақтайтын екінші қойма салынған. Жұмыс барысында көліктерге күріш тиеп жатқан тракторға көзіміз түсті. Трактор жүргізушісі Нұрбол Әбжалиевтен сұрағанымызда бұл көлік осы шаруашылыққа 2013 жылы келгенін айтты. Техника жақсы сақталған. Жалпы ауызбіршіліктің қаймағын осы қырман басынан көруге болады. Егіні – бітік, өнімі – берекелі Дүр Оңғар диқандарының қашан да жүзі жарқын. Бір сөзбен айтқанда еңбеккерлер ауылдың абыройын адал еңбектерімен осылайша асқақтатып жатыр.

Ерсін Сәдуұлы
14 қазан 2019 ж. 1 392 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 025

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031