» » ҚАМБА ТОЛДЫ АСТЫҚҚА

ҚАМБА ТОЛДЫ АСТЫҚҚА

Күз – береке мен ырыс, несібенің айы. Сонау көктемнен бастау алған ауқымды жұмыстың жемісін көретін уақыт. Осындай өлшеусіз еңбекпен қырманды қызыл астыққа толтырған егінжай ерлерінің сый-құрметке бөленіп, алғысқа кенелетін шағы бұл. Биыл да «Алтын дән – 2018» мерекесі  жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Бір қуанарлығы – марапат төрінен орын алған озаттар қатарында жастардың көп болғаны. 
Ауданның егінжай ерлері үстіміздегі жылды да табысты қорытындылап, аймақ басшысының қолынан бірқатары марапатқа ие болды.
Биыл аудан бойынша 23,5 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылы егілді. Таратып айтқанда, дәнді дақылдар – 14 мың гектар, майлы дақылдар – 1,7 мың гектар, мал азығындық дақылдар – 6,4 мың гектар, картоп, көкөніс, бақша өнімі 1,6 мың гектар жерге егілсе, өңірдің басты брендіне айналған Сыр маржаны 13,85 мың гектар жерге себілді. Бүгінде ауданның ауыл шаруашылық дақылдарын жинау жұмысы толығымен аяқталды. Жаздық бидайдан 50 тонна, негізгі күріш дақылынан 81023 тонна өнім алынып, орта есеппен әр гектардан 58,5 центнер дақыл жиналды.
Қазақ атамыз: «Жұмыла көтерген жүк жеңіл», – дейді. Сол айтқандай, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара білген сала еңбеккерлері адал еңбек пен  маңдай тердің арқасында биік мінберден көрінді. Мысалы, 3200 гектар жерге күріш  егіп, әр гектарынан 74 центнерден өнім алған «Жаңажол» ЖШС «Озат ауыл шаруашылық құрылымы» номинациясы бойынша І орынды жеңіп алса, Тұрғанбек Іздібаев басшылық ететін «Дөйт» шаруа қожалығы «Озат шаруа қожалықтары» номинациясын иеленді. Сондай-ақ, «Ақтөбе и К» ЖШС бригадирі Мейірбек Аманбалаев «Озат бригадир» номинациясымен марапатталса, «Жаңажол» ЖШС сушысы Аманкелді Мамбетов озат сушы атанды. Еңбектің оңайы жоқ. Әсіресе, жаткашылардың әрбір минуты қымбат. Қатарынан оза шапқан «Достық жер МК» ЖШС жаткисі Закария Арифов бас жүлдені қанжығасына байласа, «Жаңажол» ЖШС еңбеккері Бағдат Берлібаев І орынды түйіндеді. Мұндай науқандық жұмыста дала төсін дүбірге толтырған Ерболат Қалмұратов, Қайыржан Ілиясов, Нұржан Ертаев, Болат Сәуенов, Қайрат Балмаханов, Теміржан Күшікбаевтың да еңбегін атап өтіп ләзім. Сонымен қатар, жауапты кезеңде Балтабай Сәметов, Бақыт Меңлібаев, Аман Тұрғанов, Омар Күзембаевтар екпінділер қатарын толықтырды.
– Еңбек – қашан да еленеді. Ауданымыздың ауыл шаруашылығы саласына айтарлықтай еңбек сіңірген айтулы тұлғасы, «Қармақшы ауданының құрметті азаматы», аудандық, облыстық мәслихаттың депутаты болған Қылышбек Әбішевтің атынан бірінші рет 5 номинация бойынша жүлде қоры тағайындалды. Сондай-ақ, әрбір номинантқа естелік медаль мен 200 мың теңге көлемінде қаржылай сыйлық тапсырылды. Бұл азамат есімін ұлықтау болса, бір жағынан – айтулы марапаттар еңбек адамын ынталандыруда үлкен рөл атқармақ, – дейді аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Төлеген Өмірқұлов.    
Түйін:                      
Жер-ана төсі өңірінен өнімін төгіп беріп, бір уақытқа ол да тыныстағысы, демалғысы келгендей. Бүгінде қосын басында гүрілдеген техника да, гүжілдеген адам дауысы да басылған. Ырзығын жинап алған ел де, құрметке ие болған еңбек иесінің де көңілі мәз-мейрам. Олардың ойында бір ғана мақсат – қалың қысты қыр астына тастап, алдағы көктемді күш-жігермен бастау.
Сәрсенкүл ЖАУДАТБЕК
20 қараша 2018 ж. 2 675 1

JeaCold от 21 ақпан 2019 11:10
Hytrin Generic Viagra Companies tadalafil cialis from india Is Kamagra Safe Amoxicillin And Gallstones Colcrys 0.6 Mg Tablet

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 025

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031