Дәнді дақылдарды өрт шалмасын
Қармақшы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері аудан көлемінде ауыл шаруашылығы өндірушілермен егін орағы науқанында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша, сондай-ақ ауыл шаруашылық жерінде бақылаусыз егін қалдығын жағуға тыйым салынатынын, егінді және дәнді дақылды жинау кезіндегі өрттің алдын алу мақсатында шаруа қожалығына үгіттеу-түсіндіру жұмысы жүргізіліп, жаднама таратты. Дәнді дақылдарды жинау науқанында егінді ысырапсыз, жауын-шашынға қалдырмай өрт – тілсіз жаудан сақтап жинап алу баршаның міндеті. Егін жинау науқаны кезіндегі өрт қауіпсіздік ережелерін шаруашылық басшыларына, жұмысшы-қызметкерлер мен азаматтарға арналған ереже талаптарын естеріңізге саламыз:
– астық жинау кезеңі басталмас бұрын оған тартылған тұлғалардың арасында өртке қарсы нұсқаулықтан өту қажет, ал жинау агрегаттары мен автомобильдері алғашқы өрт сөндіру құралдарымен, дұрыс ұшқын сөндіргіштермен жабдықтау және қоректендіру, оталдыру, майлау жүйесін реттеу қажет;
– масақты егін пісер алдында олардың орман алқаптарына, дала жолағына, автомобиль және теміржолдарға іргелес жерлерінде ені кемінде 4 метр жолақ шабу және жыртылуы қажет;
– уақытша орнатылған дала қостары егін алқабынан 100 метр қашықтықта болуы тиіс, жан-жағының жері жыртылып тасталу қажет;
– қырман ауласы ғимараттардан 50 метр, егін алқаптарынан 100 метр қашықтықта орналасуы қажет;
– түнгі мезгілде ашық егіс алқаптарында техникаға жанар-жағар май құюға, егіс алқабының қасында ашық от көзін пайдалануға қатаң тыйым салынады.
Өрт болған жағдайда «101» немесе «112» телефонына хабарласыңыздар!
Д.БАЙРАХМЕТОВ,
төтенше жағдайлар бөлімінің
аға инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты