» » ӨНЕРКӘСІПТІК РЕВОЛЮЦИЯ ӨҢІРЛЕРДЕН БАСТАЛАДЫ

ӨНЕРКӘСІПТІК РЕВОЛЮЦИЯ ӨҢІРЛЕРДЕН БАСТАЛАДЫ

Мемлекет басшысы ел әлеуетін нығайтуға арнаған биылғы жылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында айқындап берген басымдықтар арасында елімізде индустрияландыру жаңа технологияларды еңгізудің көшбасшысына айналуы тиіс, – деп атап айтқан болатын.
Міне, Елбасы үкімет пен халыққа алдына жүктеген міндеттерді жүзеге асыруда Сыр елінде де ауқымды жұмыстар іске асырылуда. Былтыриндустрияландыру бағдарламасы аясындағы жобаларды іске асыру нәтижесінде 109,9 млрд. теңгенің өнімі өндірілсе, облысқа 241,5 млрд. теңгенің инвестициясы тартылды. Оның 22,6 млрд. теңгесі өңдеу өнеркәсібі саласына тиесілі.
Сонымен бірге, 2017 жылы аймағымызда ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру арқылы кәсіпкерлікті қолдауға арналған «Өңірлік картасы» аясында Арал ауданында қаптама күріш және асфальтбетон шығаратын зауыт іске қосылып, жоба аясында 62 адам тұрақты жұмыспен қамтылса, осы жылдың аяғында қытайлық «Чайна Тримуф» мердігер компаниясы жүргізіп жатқан шыны зауытын іске қосу жоспарлануда. Сондай-ақ, жуық арада Арал қаласында қытайлық «Хайси Дэшен» трансұлттық компаниясы арқылы калциленген сода өнімін өндіретін зауыт құрылысы басталды деп күтілуде.
Ал, экспорт мәселесіне келер болсақ, өткен жылы «Баласауысқандық» ваннадий кен орнынан 128,2 тонна метавнадат аммоний Англия еліне экспортталса, индустрияландыру бағдарламасы аясында 25 жобаны жүзеге асыру жоспарға енгізілді.Міне, осындай игі жұмыстар нәтижесінде Сыр аймағын индустрияландыру картасы аясында өткен жылы экспортқа шығарылған өнім көлемі 28 пайызға артты.
Ал, енді ауданымызда «ҚР индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» іске асыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталсақ, жалпы ауданда өнеркәсіп кәсіпорындарымен өткен жылдың 11 айында 2 млрд. 281 млн. теңгенің өнімі өндірілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 100,2 пайызды құрады.
Сондай-ақ, өндірісті арттыру және жаңа жұмыс орнын ашу жуық арада басталатын қуаттылығы жылына 1500 тонна құс етін өндіретін құс фабрикасы жайлы айтар болсақ, жалпы құны 1,9 млрд. теңге болатын жоба 2016 жылы «Байқоныр» ӘКК ҰК АҚ Директорлар Кеңесінің шешімімен қаржыландыру мәселесі бекітілді. Осы шешім негізінде «Қармақшы – құс» ЖШС біріккен кәсіпорыны құрылды. Біріккен кәсіпорындағы «Ақтөбе и К» ЖШС-нің үлесі 51 пайыз, яғни 581,5 млн. теңге болса, «Байконыр» ӘКК ҰК» АҚ-ның үлесі 49 пайыз, яғни 558,6 млн. теңгені құрайды.
Аталмыш жобаны жүзеге асыру мақсатында Ақтөбе ауылының оңтүстік бетінен құрылыс салуға 20 гектар жер телімі бөлінді. Құс фабрикасына қажетті сыртқы инфрақұрылымын жүргізудің жоба-сметалық құжаттарын әзірлеу және мемлекеттік сараптамадан өткізуге облыстық бюджеттен 20 млн. теңге бөлінді.
Сонымен қатар, ауданда «АНК-Дәулет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі карьер тасын өндеуде ілкімді істерді қолға алды, кәсіпорын өндірген өнімдерін еліміздің әр аймағына жөнелтуде.
2016 жылы аудан орталығы Жосалы кентіндегі №1 индустриялық аймаққа қажетті инфрақұрылым жұмыстарына облыстық бюджеттен 112 млн. теңге бөлініп, құрылыс жұмысы аяқталды. Жалпы ауданы 15 гектар жер болатын индустриялық аймаққа бүгінгі таңда 4,8 шақырым электр желісі, 1,7 шақырым су құбыры жүргізілсе, 845 метр автожол салынды. Сонымен бірге, аймақтан өндіріс орындарын орналастыру мақсатында 4 кәсіпкерге 4,1 гектар жер пайдалануға берілді.
Аталмыш аймақтан «Бетон бұйымдарын және құрылыс құмын өндіру цехын ашу» жобасы аясында «Мир-2001» ЖШС-і бүгінде 10 адамды тұрақты жұмысқа қабылдап, алғашқы өнімдерін шығара бастаса, жеке кәсіпкер Қайрат Бердібаев «Темір қалдықтарын қайта өндеу цехы» жобасын іске асыруға жұмыстар жүргізуде. Тағы да 2 жоба, яғни жеке кәсіпкер Тұрсын Төлеповтың «Жиһаз жасау цехы» мен «Раннар» ЖШС-нің «Ұн және жем өндіру» жобалары бойынша ағымдағы жылы құрылыс жұмыстары басталады.
Индустриялық аймаққа басқа да кәсіпорындарды орналастыру мақсатында аудан, облыс және еліміздің басқа да өңірлерінің тауар өндірушілеріне ұсыныстар жасалуда.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ.
22 ақпан 2018 ж. 2 028 1

JeaCold от 27 ақпан 2019 11:28
Buy Dapoxetine Hcl Online Cialis Precio Oficial En Farmacia kamagra e hipertension Ursodiol Cephalexin Buy Prescription Viagra Online

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 025

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031