» » «АҚЫЛДЫ ҚАЛА» – ӨРКЕНИЕТ ӨЗЕГІ

«АҚЫЛДЫ ҚАЛА» – ӨРКЕНИЕТ ӨЗЕГІ

Картинки по запросу ақылды қала картинка
ЕЛБАСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА АРНАҒАН «ТӨРТІНШІ ӨНЕРКӘСІПТІК РЕВОЛЮЦИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ДАМУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ» АТТЫ ЖОЛДАУЫНДА ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫН НЫҒАЙТУ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРУҒА БАЙЛАНЫСТЫ АЙҚЫНДАЛҒАН 10 БАСЫМДЫҚТЫҢ БІРІ – «АҚЫЛДЫ ҚАЛАЛАР» – «АҚЫЛДЫ ҰЛТ ҮШІН» БАСЫМДЫҒЫ.
Мемлекет басшысы осы 10 – басымдықты іске асыруда: «Әлемдегі инвесторлар үшін қалалар бәсекеге түседі деген түсінік қалыптасты. Олар елді емес, жайлы өмір сүріп, жайлы жұмыс істейтін қаланы таңдайды. Сондықтан, Астананың тәжірибесі негізінде «Смарт Сити «этолонды» стандартын қалыптастырып, Қазақстан қалалары арасында озық практиканы таратуды және тәжірибе алмасу ісін бастау керек. «Ақылды қалалар» өңірлік дамудың, инновацияны таратудың және еліміздің барлық аумағында тұрмыс сапасын арттырудың локомативтеріне айналады»,– деп атап өтті.
Міне, Елбасының қолдауымен, тіпті бастамасымен деп те айтуға болатын әлемдегі үздік мемлекеттердегідей «ақылды қалалар» жобасын іске асыру басталды. Өркениетке ұмтылған әлемдегі дамыған мемлекеттерде «Ақылды қалалар» қалыптастыру бүгінде үрдіске айналған. Мұндай ұстанымдағы мемлекеттердің мақсаты — қалалардың тұрмыстық қызмет көрсету деңгейін дамыту арқылы тұрғындардың өмір сүру дәрежесін биік деңгейге көтеру.
Негізінен, «Ақылды қалалар» қатарына экономикалық, экологиялық және әлеуметтік деңгейлері тұрақты, қызмет көрсету инфрақұрылымы дамыған қалалар жатады. Осы ретте, Астана қаласының тәжірибесіне сүйене отырып, жаңа технологияларды игеріп, олармен жұмыс істеу арқылы «Смарт Сити» стандартына барлық аймақ дендеп енуі қажет.
Міне, Мемлекет басшысының ел әлеуетін арттыру мақсатындағы саралы саясатының арқасында елімізде ауқымды жобалар жүзеге асырылып келеді. Сол жобалардың негізгі мақсаты – Қазақстанды бәсекеге қабілетті әлемдегі озық елдердің алдыңғы қатарына шығару.
Дүниежүзінде аталған мәселелерді шешуге бағытталған «Smart City», «Electronic City», «Safe City» сияқты концепциясы кеңінен таралуда. Бұл бағдарламаның басты мақсаты – заманауи үлгідегі ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы барлық қалалық қызметтердің тиімділігін арттыру. Қазіргі уақытта әлемнің 2500-ден астам ірі және кіші қалалары “ақылды қала” концепсиясының түрлі компоненттерін еңгізуде. Қазіргі уақытта Үкімет «Smart Сity» жобасын Астана, Алматы, Қарағанды, Шымкент және Ақтөбе сиякты ірі қалаларда біртіндеп еңгізуді жүзеге асыруда. Қазақстанның басқа қалаларында «Smart Сity» жобасын еңгізу жоспарлануда.
Расында да, қазір бүкіл әлем «ақылды қала» концепциясын жүзеге асырып жатыр. Қазақстан да жаңалықтан қалыс қалмауға тиіс. Елбасы биылғы Жолдауында Қазақстан қалалары арасында озық практиканы таратуды жүзеге асыру қажеттігін атап өтті. Демек, «Ақылды қалалар» «ақылды ұлттың» дамып, қалыптасуы үшін керек-ақ.
Осы ретте, Қызылорда қаласын да ақылды қалалар қатарына қосу мақсатында аймақ басшысы Қырымбек Көшербаевтың бастамасымен біршама жұмыстар атқарылуда. Жуырда облыс әкімі Қытайға барған іс сапары барысында тың шаруалар төңірегінде сөз қозғады.
– Елбасының Жолдауында цифрландыруға ерекше назар аударылды, сондықтан осы өнімді шығару өзекті мәселе болып табылады. Жақын арада біз қытайлық әріптестермен нақты келісімге қол қоямыз. Одан бөлек, біз «Smart city» жобаларын жүзеге асыру саласында негізгі кәсіпорындардың бірі «Huawei» компаниясымен меморандумға қол қойдық. Өздеріңіз білетіндей, Елбасы Сырдарияның сол жағалауында жаңа қала құрылысын салуды мақұлдады, бұл жоба «ақылды қала» ретінде жүзеге аспақ. Осы орайда, Қызылорда мен Шеньчжень қалаларының әріптестігі біз үшін маңызды. Оған қоса, осы бағыттардың барлығы жаңа Жолдауда көрсетілген, сондықтан біздің жұмыс сапарымыз – Жолдауды жүзеге асыру бойынша нақты шаралар деп білемін», — деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев.
Ал, өз кезегінде халыққа есеп беру жиынында қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Ақылды қала» қалыптастыру жөніндегі атқарылар шараларға тоқталды.
– Тұрмыс сапасын арттыру және жаңа инновацияны кеңінен тарату мақсатында қолға алынған «Ақылды қала» жобасы бойынша Қызылорда қаласында нақты шаралар қабылдануда. Қаланың халық көп шоғырланатын демалыс орындары мен саябақтарында ақпараттық ресурстарға және мемлекеттік көрсетілетін электронды қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз етуді көздейтін жоба алдымен пилоттық режимде орталық көшелердің біріне орнатылмақ. Сонымен қатар, қала тұрығындары мен қонақтарының қала әкімдігімен тікелей байланыс жасауына, мәселелерді дер кезінде шешуге арналған «ОА Orda» мобильді қосымшасы іске қосылады. Қала көшелерінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында білім ордаларының тұстарына жарық диодты жол белгілері орнатылады, - деді ол.
«Ақылды қалалар» ақылды ұлт үшін керек. Ендеше, Сұлу Сырдың бойында орналасқан Қызылорда қаласы лайымда алдағы уақытта өркениетті өлкенің астанасы деген атақты иеленсін.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ.
19 ақпан 2018 ж. 1 777 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 020

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031