» » «Ақылды қалалар» «ақылды ұлттың» дамуы үшін керек

«Ақылды қалалар» «ақылды ұлттың» дамуы үшін керек

Елбасы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Біз цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл – маңызды кешенді міндет. Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлық қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту керек. Бұл индустриялар қазірдің өзінде дамыған елдердің экономикаларының құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сапа дарытты. Осыған орай, Үкіметке «Цифрлық Қазақстан» жеке бағдарламасын әзірлеуді және қабылдауды тапсырамын. Біздің заңнамамызды жаңа жағдайға бейімдеу керек. Коммуникацияның дамуы мен оптикалық-талшықты инфрақұрылымға жаппай қолжетімділікті де қамтамасыз ету керек. Цифрлық индустрияны дамыту басқа барлық салаларға серпін береді. Сондықтан Үкімет ІТ саласын дамыту мәселесін ерекше бақылауда ұстауға тиіс. Жаңа индустриялар қалыптастырудың маңызды шарты инновацияны қолдау және оларды өндіріске тезірек енгізу болып саналады» деп атап көрсеткені белгілі.
Осыған орай Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты (KAZISS) ұйымдастырған «2018- жылғы Жолдаудың стратегиялық міндеттері: жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында баспасөз конференция болып өтті. Шара барысында Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының Әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің ғылыми қызметкері Слямжар Ахметжаров  қазіргі танда Қазақстанда, әлемдегідей, урбанизация үрдісі байқалатынын тілге тиек етті.
–Қазақстан Республикасы Ұлттық Экономика министрлігі Статистика комитетінің деректеріне сүйенсек, Қазақстанда 2017 жылдын 1 желтоқсанында қала тұрғындарының саны шамамен 10 млн 250 мың адамға таяу, ал ауыл тұрғындарының саны шамамен 7 млн 670 мың адам шамасында болып отыр. Пайызға шаққанда бұл 57 және 43 пайызды құрайды. БҰҰ-ның зерттеулеріне сәйкес, 2030 жылдары қалаларда жер шарының 60 пайызға жуықтайды. Сонымен қатар, 2050 жылға қарай болжам бойынша, әлем тұрғындарының 67 пайызы қалаларда тұратын болады, –деді спикер.
Сонымен қатар ол қала тұрғындары санының өсуі – көлік, және  коммуналдық қызметтерге салмақ салатынын айтып, оған оңай төтеп беру үшін қандай әлемдік тәжірибелерді қолдану керектігін баяндады.
–Әлемде аталған мәселелерді шешу үшін “ақылды қалалар” концепциясы (Smart City, Electronic City, Safe City) кеңінен таралуда. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты – ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы барлық қалалық қызметтердің тиімділігін арттыру. Қазіргі уақытта әлемнің 2500-ден астам ірі және кіші қалалары “ақылды қала” концепсиясының әртүрлі компоненттерін белсенді түрде еңгізуде. “Ақылды қалалар” концепциясы “Цифрлық Қазақстан – 2020» мемлекеттік  бағдарламасының бір бөлігі болып табылады. Қазіргі уақытта Үкімет Smart Сity жобасын Астана, Алматы, Қарағанды, Шымкент және Ақтөбе сиякты ірі қалаларда біртіндеп еңгізуді жүзеге асыруда. Қазақстанның басқа қалаларында да Smart Сity жобасын біртіндеп еңгізу қажет, –деп атап өтті Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының Әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің ғылыми қызметкері Слямжар Ахметжаров.
Расында да қазіргі уақытта бүкіл әлем «ақылды қала» концепциясын жүзеге асырып жатыр. Қазақстан да мұнан қалыс қалмауы тиіс. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев та 10 қаңтарда халыққа арнаған Жолдауында Қазақстан қалалары арасында озық практиканы таратуды жүзеге асыру қажеттігін айтты.
«2018 жыл – елордамыз Астананың 20 жылдығын атап өтетін мерейтойлы жыл. Бас қаламыздың қалыптасуы және Еуразияның маңызды даму орталықтарының қатарына қосылуы – баршамыздың ортақ мақтанышымыз.
Заманауи технологиялар жылдам өсіп келе жатқан мегаполистің проблемаларын тиімді шешуге жол ашады. «Смарт Сити» тұжырымдамасы мен қалаға қоныс аударатын адамдардың құзыреттерін дамыту негізінде қалалық ортаны басқаруды кешенді түрде енгізу қажет.
Әлемде инвесторлар үшін қалалар бәсекеге түседі деген түсінік қалыптасты.
Олар елді емес, жайлы өмір сүріп, жұмыс істейтін қаланы таңдайды.
Сондықтан, Астананың тәжірибесі негізінде «Смарт Сити» «эталонды» стандартын қалыптастырып, Қазақстан қалалары арасында озық практиканы таратуды және тәжірибе алмасу ісін бастау керек.
«Ақылды қалалар» өңірлік дамудың, инновацияны таратудың және еліміздің барлық аумағында тұрмыс сапасын арттырудың локомотивтеріне айналады» деді Президент.
Демек, «Ақылды қалалар» «ақылды ұлттың» дамып,  қалыптасуы үшін керек-ақ.
21 қаңтар 2018 ж. 2 109 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 021

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031