
АҚСАҚАЛДЫҢ СЕКСЕН БЕСІНШІ КӨКТЕМІ
Қармақшы талай жақсы мен жайсаңның, талай дүлдүл мен дүрдің туған мекені. Толқыны тебірене соққан, желі емірене жеткен қасиетті өлкенің тарихы да, бүгінгі келбеті де кімнің жүрегін елжіретпеген. Кімнің жанына пана, кімнің зарына араша түспеген. Бағзы заманнан сыр шерткен сырбаз да сырлы өлке қаншама ұрпақты...



















