» » ЖАҢБЫР ЖАУМАСА ЕКЕН…

ЖАҢБЫР ЖАУМАСА ЕКЕН…

...Әне-міне дегенше 2-курсты да тәмамдадым. Сабақ та бітті. Емтихандарымда аяқталды. Ендігі кезекте жаз бойы іс-тәжірибеден өтуге дайындалуым керек. Алдын ала құжаттарын рәсімдеу, келісім шартқа отыру т.б жұмысының көптігі «шаршатып жіберді». Ал менің ойымда бір ғана нәрсе. Ол-ауылыма қайту. Анамның құрт-майы мен самаурынға қайнатылған шәйін, айран-қатығын сағындым.
   Жаздың ыстығы өңменімнен өтіп күйдіріп барады. Бұндай ыстыққа шыдау мүмкін емес.
  Кенет қайың мен терек басындағы  жапырақтар қатты леппен соққан жел өтіне төтеп беруге кіріскендей қозғала бастады. Бір мезетте маңайымды құйын үрлеп, дауыл соғып, қара бұлт аспан әлемін құшағына қысты. Адамдардың барлығы да жаңбырдан қашып, безек қағып, жан-жаққа тарқасып жатыр. Жаңбырдың тасыған шалшық суы көліктер мен автобустарды, асфальттар мен тротуарларды лайлап, ластап жатыр. Мен сол баяғы ой әлемінде келемін. Жаңбыр жауса мені бір ғана дүние қатты толғандырады. Ол- әлі күнге дейін шешілмей келе жатқан ауылдағы жолдың жәй-күйі. Не көлік жүре алмайды, не адам жүре алмайды! Тіпті, жаңбырдан кейін балшық болса тұрғындардың жүздеріне мұң ұялайды. Сөйтіп, ауыл басшылыққа шағымданады. «Бір үйде бір емес бірнеше бала-шағамыз бар.Олардың барлығына бірдей аяқ киім алып беру мүмкін емес. Асфальт болмаса да тас төгіп берсе екен» деген секілді адамдардың жан-айғайын, түрлі-түрлі  пікірлерді білдіріп жататындығын құлағым шалып қалатын.
  Иә, расыменде, осы мәселені қанша уақыттан бері менің әжем ауылда ұйымдастырылып жатқан қай кездегі  қандай жиындар ,жиналыстар болмасын құлағдар етуден шаршады. Әрбірден  әжемді де шақыруды қойды. Кейде әжеме жаным ашиды. Жаным ашығаны соншалық, бала болсамда қол ұшымды созғым кеп тұратын. Кей тұрғындар ауласынан шығарып тастаған күл-қоқыстарын да балшық болған жерлергетөгіп жататындарында байқаймын. Бұдан бөлек, асфальт жолдың өзі де тапшы. Әр демалыс сайын оқудан ауылға қайтамыз. Екі ауылдың ортасы (Ақжар ауылы мен Тұрмағанбет ауылының) «керемет секіртпе жол». Тесік-тұқылы көп, шұңқыры аз емес  жолдардың машақаты туралы қалаға қатынайтын газел жүргізушілерінің де бұл мәселеге байланысты айтар ойлары мен пайымдары жетерлік. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні,осы мәселенің барлығы да бей-жәй қалмайды деп үміттенемін. Дегенмен, жаңбыр жаумаса екен...
Гүлжанат ҚАДЫРБЕКОВА.
29 мамыр 2019 ж. 1 285 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 046

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031