Құрылтай
» » Жаңбыр жыры

Жаңбыр жыры

Қара бұлт жайып қанатын,
Сейілмей жүрсе мұң-қайғым.
Тасырлап көктен таматын
Жаңбырдың жырын тыңдаймын.

Тылсымы ғажап не деген!
Жүрегім содан от алар.
Жанымды нұрға бөлеген
Шатырда ойнап ноталар.

Көз жасы сынды талайдың,
Түскен бір тағдыр тезіне.
Аяныш көзбен қараймын
Мөп-мөлдір тамшы көзіне.

Менің де мазам қашады-ау,
Үзілсе кенет арман-ән.
Шөлейт жер шөлін басады-ау,
Ал менің шөлім қанбаған.

Жауады әлі сан талай,
Мен үшін сый боп күтпеген.
Ұқпайсың неге, қалқам-ай,
Жылауық емес бұлт деген.

Өзіңде өзге ой бар ма осы,
Жақсы ырым десең... мақұл-ды.
... Төгіп тұр нұрын Алласы
Малшынтып Достық ақынды.
                              Достық Тілеубергенов.
12 қазан 2018 ж. 2 440 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№51 (10519)

09 шілде 2026 ж.

№50 (10518)

04 шілде 2026 ж.

№49 (10517)

30 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 445
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

21 маусым 2026 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 949

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031