» » Бірқатар аймақта жел күшейіп, жаңбыр жауады

Бірқатар аймақта жел күшейіп, жаңбыр жауады

Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды; жел күшейіп, дауыл соғуы, бұршақ жаууы мүмкін. Тек республиканың батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-25 м/с болып, күндіз кей жерлерде дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін. Түнде Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.
Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды, күндіз Қостанай облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с болады. Қарағанды, күндіз Жамбыл облыстарының кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал.
Күндіз Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейіп, бұршақ жауады деп болжанады. Түркістан облысының кей жерлерінде дауыл тұруы мүмкін.
Күндіз Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық болады.
Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында қатты ыстық болып, кей жерлерінде күн өте қатты ысиды.
Маңғыстау, Атырау облыстарында, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі болжанады.
Дереккөз: baq.kz
27 маусым 2018 ж. 1 570 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (10402)

10 мамыр 2025 ж.

№33 (10401)

06 мамыр 2025 ж.

№32 (10400)

03 мамыр 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 740
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031