» » » ЖЕЛ КҮШЕЙІП, ШАҢДЫ ДАУЫЛ ТҰРАДЫ

ЖЕЛ КҮШЕЙІП, ШАҢДЫ ДАУЫЛ ТҰРАДЫ

  

Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның аумағында құбылмалы ауа райы сақталады. Кей жерлерде жаңбырмен жауып, найзағай ойнайды; жел күшейіп, дауыл болып, бұршақ жаууы мүмкін; оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі.

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды. Оңтүстік Қазақстан облысының түнде кей жерлерінде шаңды дауыл соғып, бұршақ жаууы мүмкін, таңертең және күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді. Солтүстік  Қазақстан  облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін жетеді; дауыл, тұман болып, бұршақ жаууы мүмкін; түнде және таңертең тұман күтіледі. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал. Ақмола облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетеді, түнде және таңертең кей жерлерінде тұман, күндіз дауыл болып, бұршақ жаууы мүмкін. Жамбыл облысының кей жерлерінде дауыл соғып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін. Қызылорда облысында күндіз жел соғып, шаңды дауыл тұрады. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді. Алматы облысының, күндіз Қарағанды облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді. Павлодар облысында найзағай ойнап, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді. Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстарында, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

12 маусым 2018 ж. 2 101 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 069
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 281

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031