» » Қазгидромет ауа райының күр өзгеруіне байланысты еліміздің жеті аймағына ескерту жариялады.

Қазгидромет ауа райының күр өзгеруіне байланысты еліміздің жеті аймағына ескерту жариялады.

Астана қаласында желдің максималды жылдамдығы 21 м/с құрағандықтан, ауа райы болжамы қызметі жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес, қауіпті құбылыстар санатына жатады. Бұл суық фронттардың өтуіне байланысты, жылы және суық ауа массаларының бір-бірімен қақтығысып қалуынан пайда болған. 23 мамырда Ақмола облысында солтүстік, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде күші 15-20 м/с, кей жерлерінде 23-28 м/с, күндіз кей жерлерінде 15-20 м/с. Астана қаласында 23 мамырда солтүстік, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95 % 23 мамыр күні күндіз Жамбыл облысында найзағай, дауыл, бұршақ болуы ықтимал, солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, таңертең және күндіз кей жерлерде15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Кей жерлерде тұман түседі. Тараз қаласында 23 мамыр күні күндіз найзағай, дауыл, бұршақ болуы ықтимал, солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 25 м/с күтіледі. Шығыс Қазақстан облысы бойынша күндіз 23 мамырда жаңбыр болады. Кей жерлерде найзағай, бұршақ жаууы мүмкін, сондай-ақ дауыл соғады. Жел 15-20, екпіні 23-28 м/с-қа күшейеді. Өскеменде 23 мамырда жаңбыр, найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с-қа күшейеді. 23 мамырда Солтүстік Қазақстан облысы бойынша солтүстіктен соғатын желдің күші 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с күтіледі. Түнде кей жерлерде найзағай соғады. Петропавл қаласында 23 мамырда солтүстіктен соғатын желдің күші 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі. Алматы облысында 23 мамырда күндіз найзағай, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауыспалы жел соғады, күндіз кей жерлерде 18-23 м/с дейін күшейеді. Талдықорғанда күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауыспалы жел соғады, күндіз екпіні 18-23 м/с. 23 мамырда күндіз Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Тәулік бойы кей жерлерде оңтүстік-батыстан, солтүстік-шығыстан секундына 15-20, күндіз екпіні 23 метрлі желдің күшеюі шаңды дауылмен бірге күтіледі. 22-24 мамырда Қызылорда облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел, шквал, шаңды дауыл күтіледі.

23 мамыр 2018 ж. 1 406 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (10459)

29 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 022
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 695

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031