» » Зираттан шыққан дауыс

Зираттан шыққан дауыс

Таңғы ұйқынымнан әлі ояна алмай, мең-зең күйде жатқанмын. Сыртқы есіктің сарт-сұрт асығыс жабылғанынан секем алып, атып тұрдым. Сөйтсем, анам екен, түрі боп-боз. Әкемнің қолынан тастай қылып ұстап алған жіберер емес.
«Қорқып кеттім» деген сөзді сан қайталап айта береді, көздері мөлтілдеген жасқа толы. Даусы дірілдей: «Зират басына барып едім, қатты шошынып қалдым. «О-о, Аллай» деген дауыс құлағыма ап-анық естілді»-дей береді.
Менің сансыз сұрағыма әкем: «Зират басында рулас ағайдың қабіріне топырақ салмақ болып, алға кеткен, баж етіп кейін қашты» - деп жауап берді. Кейін ұққаным ағайдың қабірінің алдында үлкен жеңгесінің де қабірі болатын, соның қасынан байқамай өтіп бара жатқанда, «Ой-й,Алла-ай!» деген күңіренген дауыс зиратты басына көтерген және белгісіз бір күш еріксіз өз жағына қаратқысы келіп тартқандай болады. Шошынған анам алды-артына қарамастан қаша жөнеледі.
«Үстіме бейне бір ыстық су құйып жібергендей болды, тұла бойымды игере алмай, басқан аяғым кейін кетіп, үйге әкеңе сүйеніп әзер жеттім, құлағымда күңіренген дауыс әлі тұр,-деді өз-өзіне келе алмай отырған анам. Содан әкем: «Бұлай болғаны жарамас. Қатты шошынсаң, «қорықтық» құйдырғанымыз жөн болар»- деді. Мен де әкемді құптадым.
Ауылымызда Разия есімді апай бар болатын. Бірнеше жылдан бері көрші тұрамыз. Сынық сипайтын, қазақы ем-дом жасайтын қасиеті болатын. Сол кісіні шақыртып, «қорықтық» құйғызған едік.
«Қорықтықты» қорғасыннан құяды екен. Қорғасынды ерітіп, анамды құбылаға қарата отырғызып құйған, құдайдың кереметі, қорғасын кенет өзінен-өзі бірігіп, суретке айналды. Суретте зират басындағы ай белгісі мен жүрек бейнесі шықты. Жүректе аздап тыртық салынған. Бұдан бұрын мұндай нәрсені көрмеген мен аң-таң күйде сілейіп қатып қалыппын.
- Қорғасын белгіні орамалға орап, кейін ағын суға ағызарсың, қашан қорқынышың басылғанша жастығыңның астына қойып жат,-деп Разия апай кетті.
Осыдан кейін анам өзіне-өзі келіп, үй шаруасына араласып кетті. Бұл күнде бұл оқиға ұмыт болды, бірақ менің ойым сан-сақта. Дүниеде

alashainasy.kz
24 мамыр 2019 ж. 2 931 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 431
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

17 қыркүйек 2025 ж.
Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 235

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930