» Гауһардың ТҮРМЕДЕ жазған ХАТЫ көпке ой салды

Гауһардың ТҮРМЕДЕ жазған ХАТЫ көпке ой салды

Кеше ғана халық ортасында жүрген әншінің түрмедегі хаты оқыған оқырмандарға терең ой салып, көбісін тәубеге келтіргендей...


6 жылға сотталған әнші Гауһар Әлімбекова түрмеден хат жолдапты. Оқыдыңыздар ма? Бұл хатты тележурналист Бибігүл Дәулетбекқызы (@bibiguldauletbek) инстаграм парақшасында жариялады.
ГАУҺАРДАН КЕЛГЕН ХАТ
Қалайсыңдар? Менде бәрі тамаша!!! Қайран Қазағым-ай, не боп кетті, түсінбей қалдым. Ешбір дәлел болмаса да, ең бастысы-ақшаны алған адам толық мойындап тұрса да, қалай бәрі астан-кестен боп кетті, мең-зең боп, жүрегім бір сәтте тоқтап қалғандай болды...
Алаяқтық деген де-үлкен бір Өнер ғой, менің қолымнан ән шығарып, сол әнді жеткізгеннен басқа қолымнан ешнәрсе келмейді ғой, қайтем, маңдайға жазылғанды көріп жатырмын. Мүмкін Бақыт тәте мені темір торға отырғыздым деп, мәз боп бақытты боп жүрген шығар, мен оған жамандық тілемейм, Алла разылығы үшін кешірдім. Алланың осы бір сынақты бергеніне шүкір. Ең маңыздысы, бұл шіркіндердің тұмшаланған темір тордың ішінде бас бостандығымнан айырғанмен, менің Аллаға деген сенімім мен халықтың маған деген-ыстық ықыласы мен менің халыққа деген үлкен махаббатымды тартып ала алмайды, себебі шығарып алған қолыма гипс салдыруға емханаға апарғанда, сол жердегі қыз-келіншектер мені танып қойып, құшақтап жылап, сабырлы бол дегенде, түк түсінбей, бұлар қайдан біледі? - деп тұрып қалдым. Сөйтсем бәрі инстаграм желісінен хабардар екен. Көзімнің жасы мөлт-мөлт етіп, "Бір тамшы көздің жасындай" болды. Қысқасы, мейлі, уайымдамаңыздар, бәрі жақсы, Алла нәсіп етсе-амандықпен кездесерміз!!! Айтқандай, кеше абыр-сабырмен ұмытып кетіппін, түнде осында келіп тар бөлмеге, тас төсекке кеп жатқанда көзім темір тормен қоршалған терезеге түсіп жатып-осы күні анам-марқұмның Жер-бесікке бөленген күні екені есіме түсіп, көз жасыма ерік бердім.
Бір мезетте апамның алақаны мөлт-мөлт етіп аққан көз жасымды тоқтатып, маңдайымнан, шашымнан сипап, "Жасаған бере салғаным, сабырлы бол" - деп жұбатқандай болды. Әруағыңнан айналайын Ғазиз-Анам, Асқар Тау-Әкем, жатқан жерлерің жайлы, жандарың-жәннатта болсын!!!
Сүйікті қыздарыңыз: Гауһар Әлімбекова,
2 ақпан 2019 жыл
Кеше ғана халық ортасында жүрген әншінің түрмедегі хаты оқыған оқырмандарға терең ой салып, көбісін тәубеге келтіргендей. «Алдымызда не күтіп тұрғанын ешкім де білмейді» деп пікір қалдырған оқырман көп. Расында да, ешкім 10 минуттан соң, бір сағаттан кейін не боларын білмейді. Ертең, таңертең, кешке алдында не күтіп тұрғанын болжай алмайды. Сіз де, ол да бір-ақ сәтте...
Құрметті оқырман, егер Гауһар Әлімбекованың орнында болсаңыз не істер едіңіз?


ERNUR.KZ
---
03 ақпан 2019 ж. 1 884 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 041

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031