» » Айнаны сындырған кім?

Айнаны сындырған кім?

Бала күнімде тылсым күштің барына сенетінмін. Ұйқыға кетсем шошып оянам, кеш бата ерте жатсам бастырылам. Түннің бір уағында тұрсам «бірдеңенің» тарсылын естимін. Оған етім де үйренген. Үйдегілер сенбейтін де еді. «Қатты шошынғансың ғой», болмаса «мысық қой жүрген» деп жылы жауып қоя салатын.
Бірде әдеттегідей тарсылдан оянып кеттім. Бөлмеге біреу келген сияқты. Тас қараңғы. Қолымды бетіме басып, бүркеніп жатырмын. Дірілдеген саусақтарымның арасынан сығалап қарам қоямын. Қараңғы болған соң ба, аяғының көлеңкесі ғана көрінеді. Жылжып келед, жылжып келед. Қасыма жақындады. Айнала мұздай. Тек оның демалған дыбысы ғана естіледі. Үстіме салқын су құйып жібергендей, орнымнан қозғалар емеспін. Ішімнен калимамды айтып, көзімді тарс жұмып алдым. Түсім бе, өнім бе оны да түсіне алмай әлекпін. Көмекке адам шақырайын десем, дауысым шықпайды. Демек, бастырылып жатқанмын ғой деп пайымдап қоямын. Ол маған жақындаған сайын,  «бисмиллях» деп  барынша дауысымды шығаруға тырысып жатырмын. Арпалыс. Жанымда тірі жан жоқ. Тек «әлденемен» арпалыс. Дауысым қатты шығып кетті. Оң жағымда тұрған шкафтың айнасы тарс етіп сынды. Осы кезде ғана әкем мен анам жүгіріп кеп, не болғанын сұрап әлек. Түсім дейін десем, айна сынды емес пе? Мұнан соң ол нәрсені қайталай көрмедім. Мүмкін қорқынышымды жеңгеннен болар. Бірақ, әлі күнге дейін бұл сұрақтың жауабын таппай келемін. Айнаны сындырған кім?
Айнұр ӘЛИ.

11 қыркүйек 2018 ж. 2 677 1

qarmaqshy от 11 қыркүйек 2018 12:18
Қорқыныштыыы tired_face

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 323
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031