Қара қатын

Мені бала кезімнен бастап тылсым күш оқиғалары қызықтыратын еді. Онымен қоса үйімізде домовой (үй елесі) да бар болатын. Әсіресе менің бөлмемде, кішкентай қыз жүретін. Етім оған да үйренісіп кеткен еді. Өзгелер көрмеген елестерді мен көрдім, басқалар естімеген дауысты мен естідім. Балалық шақтан осы кезге дейін біршама уақыт өтсе де бір қызығы сол тылсым күштерге бет бұрып зерттеуден шаршаған жоқпын. Бір күні кітапханадан "Жындар" туралы біршама ақпарат алған едім. Соны оқып, олар жайлы біраз нәрсе жинап үйге келдім. Туыс сіңілім екеуіміз болатынбыз. Содан не керек кішкене ұйықтап алайық деп көзімізді ілгенбіз. Сағат түстен ауған 16:00 шамасы. Түсімде мені бір қара бәле жұлқылап жатыр екен. Көзімді ашсам қылғындырып тұрған бейнені көрдім. Бір кезде сіңілімнің "әпке"деп айқайлаған дауысы естілді. Қасымда жылап отыр. Мен ұйықтап жатқанда жаңағы нәрсенің қасыма келгенін ол көрген екен. Бір қызығы мойнымда тырмаланған күйі қызарып, тырнақ пен қол іздері қалыпты. Бұл түс емес, өңімде болғаны анық. Осы оқиғадан соң тылсым күш әлеміне деген қызығушылығымды бір жола қойдым.
Айнұр ӘЛИ
26 наурыз 2018 ж. 5 123 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 405
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728