» » ЕРМЕК ЕЛІКТІРІП АЛМАСЫН

ЕРМЕК ЕЛІКТІРІП АЛМАСЫН

Спиннер-2017 жылда жер бетіне жаңалық болып танылған ойыншықтың жаңа түрі. Бұл ойыншықтың басты мақсаты – адамды күйзелістен шығару, қобалжуды басу. Осындай мақсатты орындау үшін жарыққа шыққан спиннер уақыт өте келе адамдарға кері әсерін де тигізіп жатқанын айтады психологтар.
Бұл ойыншық адамның ойын бөліп, осы бір құрылғыны айналдырып отыра беруге тәуелді болады. Осы орайда, кейбір мемлекеттер спиннерді оқу орнына әкелуге тыйым салған. Мұғалімдердің айтуынша, сабақ уақытында бір оқушы пайдаланған ойыншыққа барлығының назары ауып, сабаққа кесірі тиеді. Осылайша дәріске немқұрайлы қарау, тапсырманы түсінбеу, бағдарламалардан қалып қою сияқты олқылықтар күннен-күнге артып барады екен.
Негізі бұл ойыншық 2017 жылдың көктемінен бастап жаппай сатылымға шықты. Спиннер ойыншығының бағасы да әр түрлі, сапасыда сол бағасына қарай. Бір күні балаларымның қолынан «EXPO-2017» деген жазуы бар спиннер көрдім. Сонда бұл ойыншық қазіргі заман ағымына қарай жасалып шығарылған ойыншық екенін түсіндім. Балаларым қолдарынан түсірмей бір-бірімен таласып тұрып айналдырады. Қолыма алып қарасам спиннерден түрлі түсті жарықтар жанады екен. Балаларға бұл қызық ойыншық болды.
Спиннерге деген сұраныстың артқаны сонша, Қытайдағы телефон аксессуарларын дайындайтын фабрикалар барлық жұмысты ысырып қойып, спиннер жасауға кірісіп кеткен екен. Спиннердің түр-түсіне, қозғалысына, қолданылуына байыптап қарасаңыз, таңқаларлық ештеңесі жоқ. Ертеректе ойыншықты дүкен сөрелерінен сатып алмай-ақ, қолдан жасап, сонымен жанталаса ойнайтын едік. Мұндай спиннердің түр-түрі болды ғой біздің бала кезімізде.
Таспаның басындағы әнді тыңдау үшін қолға қалам алып, таспаның тісті дөңгелегінің ортасына тығып айналдыру сол уақыттың ермегі болды. Ал, сол таспаның тозығы жеткен кезде ішіндегі лентадан жасанды шаш жасап ойнайтын еді балалар. Лентаны тарқатып жүгіретінбіз. Ой балалық шақтың қызығы-ай.
Қазіргі ойыншықтарға қарап таң қаласың. Бала денсаулығына зиян жақтары өте көп. Бірақ оған қарап жатқан балалар да, ата-аналар да жоқ. Бір-бірінен қалмау керек, одан қалды бәсекелестік басым. Бәрі заман ағымы деп алып та, ойнап та жүр. Қауіпі ескеріле ме екен?
Құралай АЛТАЙҚЫЗЫ
29 қаңтар 2018 ж. 2 212 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 024

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031