» » ОЙЫНШЫҚ ТАҢДАУ “ОЙЫНШЫҚ” ЕМЕС

ОЙЫНШЫҚ ТАҢДАУ “ОЙЫНШЫҚ” ЕМЕС

Дүниеде баланың пәк күлкісіне, бал қылығына не жетсін, шіркін. Бала бар жерде шаңырақ шаттыққа, от­басы бақытқа бөленеді. Баланың тәтті тілі жан-жағын қызық думанға айналдырып, жаман­дық­ты ұмыттырады.
Әрбір ата-ана үшін бала денсаулығы бәрінен жо­ға­ры тұрары түсінікті. Ба­лаға ойыншық таңдау-ата-ана­лар­­дан барын­ша ұқып­ты­лықты, жауап­кер­шілікті талап ететін жайт. Бүгінде не көп, әр­түрлі ойыншық түрлері көп. Және оларды өндіретін кәсіпорындар да жетерлік. Ойыншық таңдауда әсіресе, жас ата-аналар мейілінше мұқият болғаны жөн.
Бұлай дейтін себебіміз-ойын­шық­тың бала денсаулығына тікелей әсері бар. Сатуға рұқсат етілмеген техникалық регламенттерге жауап бере алмайтын өнім түрлері бала денсаулығына қауіпті екенін жа­ды­ңыздан шығармаңыз.
Сөзіміз нақты болу үшін аудан­дық тұтынушылардың құқық­тарын қорғау басқармасының са­ни­­­тарлық-гигиеналық қадағалау және техникалық регламенттер та­лап­­­тарының сақталуын ба­қылау бө­лімінің басшысы Гүлназ Медеуова­ны сөзге тартқан едік.
-Балама қандай ойыншық таң­дасам екен? Бұл сұрақты көп­теген ата-ана қояды. Сөйтіп, өз талғамдарына сәйкес таңдау жа­сай­ды. Біреу­лер үшін бұл белгілі бренд, өн­діруші компания, екін­шілер үшін-өз талғамы-олар бала кезінде армандаған қуыршақтар мен көйлектерге қы­зы­ғады, ал үшіншілері бөбектің бойында белгілі дағдылар мен ептілік дамытуға бағытталған ойын­­дар мен ойыншықтарды та­буға тырысады. Дей тұрғанмен, балаңызға ойыншық сатып алған кезде ата-аналар тағы бір өлшем қауіпсіздігін естен шығармағаны абзал. Қазақстанда балалар ойындары мен ойыншықтарының сапасы мен қауіпсіздігі туралы” техникалық рег­ламентінің талаптарын және ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 9.09.2015ж. №15 “Балалар ойындары мен ойын­шық­тарын әкелуге және өткізуге мемлекеттік санитариялық-эпи­де­миологиялық бақы­лау­ды кү­шейту жөніндегі сани­тария­лық-эпидемияға қар­сы іс-шараларды жүргізу туралы” Қаулысын бас­шы­лыққа ала отырып, мына өндіріс ойын­шық­тарына:  “Стена” құрылыс жинағы-ООО  “Строим вмес­те счастливое детство” 6011144, РФ Вла­­димировский об­лы­сы, Пету­шинский ауданы, Тру­довая кө­шесі, №1 үй, “Мед­ве­жонок” тербелме-пи­ра­мида “Роси­грушки” ААК 216500, РФ Смо­ленс­кий облысы,  Рославль  қа­ла­сы, Свердлов кө­шесі тұйығы, №8 үй, “Забава” по­ли­мерлі сылдырмақ-“Пласт­мас­сы” ЖШС, РФ Санкт-Петер­бург қа­ла­сы, Новоселев көшесі, №8 үй, “Волчек” сылдырмағы “Аэлита” ААҚ,  “Занимательная черепаха” ойыншығы-Беларусь Рес­­пуб­­лика­сы, Кобрин қаласы, Ре­­зеңке іші қуыс балалар добы-“Чебоксарское произведенное обье­ди­нение им. В.И.Чапаева ААҚ, тағы бас­қаларын әкелуге және өткізуге тыйым салынған.
Ата-аналар ойыншықтарды кез­дей­соқ базарлардан емес, арнайы ойыншық сататын нүктелерден алуы керек. Қаптамасына назар аударып, онда баланың жас тобы туралы маркелері болуы қажет. Ойыншық таңдауы кезінде оның иісіне және сапасына  жіті мән беру керек. Ба­лаға деген шынайы махаббатыңыз ең алдымен оның қауіпсіздігін қам­тамасыз етуден көрінеді. Соның ішінде, балаңызға деген жылы сезімдеріңізді жеткізуге көмектесетін қауіпсіз ойыншықтар болуы тиіс,-дейді  сала маманы.
Қауіпті ойыншықтар салдарынан балаларымыз түрлі жағымсыз жағ­дайларға кезікпес үшінойыншық таңдауға ұқыпты болайық!
 
С. ЖАУДАТБЕКҚЫЗЫ
04 қаңтар 2018 ж. 3 839 1

JeaCold от 26 ақпан 2019 14:52
Discount Generic Amoxicilina Free Shipping Store cialis no prescription Zithromax Cats Cialis Fara Reteta Farmacii

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 025

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031