
Зираттан шыққан дауыс
Таңғы ұйқынымнан әлі ояна алмай, мең-зең күйде жатқанмын. Сыртқы есіктің сарт-сұрт асығыс жабылғанынан секем алып, атып тұрдым. Сөйтсем, анам екен, түрі боп-боз. Әкемнің қолынан тастай қылып ұстап алған жіберер емес.«Қорқып кеттім» деген сөзді сан қайталап айта береді, көздері мөлтілдеген жасқа толы. Даусы...




















