» » Ниет деген не?

Ниет деген не?



Ниет- адамның жоспарлаған бір ісін атқару үшін санасында сол істі атқару үшін шешім қабылдауы, содан атқаратын ісін толық түсінуі және саналы түрде атқаруы.
Егер бір адам Алла Тағаланың ризашылығына қауышуы, сауап алу және адамдарға бір игі іс істеу мақсатында қандай бір істі атқаруды жоспарласа бұған ізгі ниет дейміз.
Ал жамандықты мақсат етсе оған қара ниет дейміз.
Дінімізде ниет дегенде тек ізгі ниетті ғана меңзейді. Ниет-жүректің қандай да бір істі атқаруға бағытталуы және сол істі атқаруға шешім қабылдауы.
Сондықтан да ниет жүректен туындайтын нәтиже. Жүректің ішіндегіні бір Алла мен сол ниет еткен адам ғана біледі.
Ең негізгісі сондықтан да тілмен айтылған емес жүректегі ниет. Алланың құзырында қабыл болатыны да осы жүректегі ниет. Ғибадат-құлшылықтарда тілмен жасалған ниет де жақсы болып табылады.
Сондықтан да жүректің бір іске бағытталуы және сол іске бағыт алуы деген мағынадағы ниет, өзгелерге мәлім болмағандықтан біреудің ниеті жайлы пікір айту, не болмаса біреудің қара ниетті екендігін айту дұрыс емес.
26 мамыр 2019 ж. 5 507 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 755
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 120

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 481

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930