» » Оразада пайдалы ас - ІНЖІР

Оразада пайдалы ас - ІНЖІР

Бүгінгі сөз еткелі отырған жемістің әр елдегі атауы әртүрлі. Көбенесе оны Інжір деп атайды, дегенмен кейбір әдебиеттерде смирндік жеміс, карийлік фикус, тұт жемісі, т.б. деп те атайды.
Інжір жемісі жайлы Құрандағы «Тин» сүресінде айтылған:
«Інжірге және зәйтүнге серт! Сондай-ақ осынау тыныш, бейбіт шаһарға серт!»
Інжірдің өзі ғалымдардың көзқарасы бойынша Оңтүстік Африкадан шыққан, ең алғаш жабайы түрі табылған, кейінірек оны жергілікті халық дәмді әрі көп жеміс беретін мәдени өсімдікке айналдырып алған. Археологтар болса, інжірді жер бетіндегі ең алғашқы өсімдік деп болжайды.
Араб елінен інжірді Шам, Мысыр елдеріне, ежелгі Грецияға, ол жерден Византияға жеткізіп, ол аймақтан Ресей жеріне жетіп, «күнәлі жеміс» деген атауға ие болған.
Інжірді әсіресе, қазіргі маусымда өте сирек кездестіреміз әрі оның бағасы да қымбат болғандықтан оны кептірілген інжірмен алмастыруға болады. Кепкен інжір өзінің пайдалы қасиеттерін жоғалтпайды, тек шырыны ғана ағып кетеді. Кептірілген інжірден өзге құрғақ жемістер секілді компот жасауға, кондитерлік тағамдар пісіруге және жеке десерт ретінде тұтынуға болады.
Кептірілген інжір көне заманнан бері кеңінен қолданылады. Жаңа піскен інжір тез бұзылатын болғандықтан, оны кептіріп қолдануды игерген.
Әбу Дарда атты сахаба Пайғамбарымызға ﷺ інжір алып келген кезде барлық сахабаларына таратып беріп:
«Жеңдер, інжір көптеген дертке шипа»,- дегенін жеткізеді.
Інжірде кездесетін бірнеше қасиеттермен таныс болайық:
Құрамындағы магний мен калийдің көптігінен жүректің қызметі жақсартып, қан қысымы қалыпқа келеді. Финин және пектин заттары қанды сұйылтып, майдың сіңуі жылдамдайды, нәтижеде инфаркт пен инсульттің болуы азаяды.
Інжір ас қорытуды жақсартады. Оның жемісі асқазан ауруы мен улануда таптырмас ем. Құрамындағы ферменттер ағзадағы улы заттарды шығаруға көмектеседі.
Кептірілген інжір қақырық түсіруші қасиетке ие болғандықтан оны өкпе, жөтел ауруларына, тамақ ауруларына да ем ретінде пайдаланады.
Құрамындағы кумарин және бензальдегид заттары қатерлі ісік ауруының алдын алады және зиянды клеткалардың өсуін тоқтатады.
В дәрумені мен триптофан ұйқыны қалпына келтіріп, энергия мен көңіл-күйдің көтеріңкі болуын қамтамасыз етеді.
Інжір жемісін қант диабетімен ауыратын жандар қолданса болады. Оның жапырағын бұқтырып ішсе, қандағы инсулиннің мөлшерін азайтуға көмектеседі.
Інжірдің шырыны тері ауруларына ем. Оны компрес түрінде қолдануға болады.
Жүкті әйелдер үшін минералдар мен дәрумендер көзі болып табылады. Баланың дамуына және қан аздықтың алдын алуға көмектеседі. Себебі інжірдің құрамы темірге өте бай.
Артық салмақтан арылғысы келетін жандарға да көмектеседі.
Күн сайын екі не үш тал інжір жеген адамның көру қабілеті де жақсарады.
Інжір ер адамдардың денсаулығына да өте пайдалы. Шығыста көптеген жылдар бойы белсіздікті осы інжірдің жемісімен емдеген екен.
Құранда аты аталған өзге де жеміс пен көкеністер рамазан айында таптырмас ем әрі тағам болып табылады. Себебі бұл айда біздің ағзамыз пайдалы заттар мен дәрумендерге мұқтаж болады. Бұл айда дұрыс тамақтану және пайдалы жемістерді тұтыну арқылы өзіміздің ағзамызға көмек беруіміз қажет.

ramadan.muftyat.kz

26 мамыр 2019 ж. 1 544 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 025

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031