» » НЕСІБЕСІН ЕҢБЕКПЕН ТАПҚАН ҚАРИЯ

НЕСІБЕСІН ЕҢБЕКПЕН ТАПҚАН ҚАРИЯ

Дамыған дәуір білектің күшімен істелетін дүниенің көбін қолданыстан ысырып, білімнің күші билейтін жаққа бет бұрды. Жаңа технологиялар адам өмірін айтарлықтай жеңілдете бастады. Отын тасып, қара күйе болып, көмір жағатындар азайып келеді. Айтып отырғанымыз қаладағы қалыпты жағдай. 2-3 жылдың бедерін артқа тастасақ біз де соған жетеміз деген үміт бар. Десек те көгілдір отынға қолы жетпеген Қармақшы ауданында пеш кесектің саудасы қызып тұр. Дәрмені жеткендер кесекті өзі басса, қаржысы барлар сатып алады. Күн суытса ошаққа от жағып, үй жылытады.
Сұранысқа сай қызмет етіп, егде тартса да кесек құюдан алдына жан салмайтын еңбексүйгіш азаматтар бар кентімізде. Соның бірі – жетпіске жетіп, сексенге аяқ басқан Базарбек Бүркітбаев ақсақал. Бір жылдары Қызылорда қаласына қоныс аударған 3-4 қармақшылық жігіт Базарбек ақсақалға бір үй салуға жетерлік жұмбаз құйдыртыпты. Сонда біркелкі құйылған, ұрса да, лақтырса дасынбайтын сапалы дүниені көрген жұрт«Қармақшыда осындай кірпіш құятын зауыт бар ма?», «Қайдан шыққан, кім істеген?» деп таңырқай қараған. Түп-түзу, теп-тегіс құйылып, тау-тау болып, қаз-қатар жиналған кесекті бір көргенде шынымен зауыттың дүниесі ме деп қаласың. Кесек құюдың шебері мұны 15 жылдан бері кәсіп етеді. Таңғы сағат 4-те тұрып әдеттегіше жұмысқа кіріседі. Електен өткен сазды балшық илейтін арнайы ыдысқа толтырып, оған қажетті мөлшерде су құяды. Аздап шеге құм салады. Сосын кетпенмен немесе күрек арқылы илеу басталады. Иіні қану үшін кейде аяқ күшін де қолданады. Иі қанған балшық қалыпқа салынып, төртбұрышты пішінге келтіріледі. Оның  кесек құятын қалпының мөлшері 25х12.5. Күннің қызуы арқылы кептірілгеннен соң қолданысқа кетеді. Жасалу технологиясы тым қарапайым болғанмен сапасы жоғары. Әрі ұзаққа шыдас береді. Тапсырысқа сай күніне 300-400 дана кесек дайындалады.
– Қызығушылығым осыған ауған. Теміржол саласында ұзақ жыл жұмыс істедім. Жаппай қысқартуға іліктік. Қалай күнелтем деп қатты қиналғаным жоқ. Себебі жасымнан кесек құюды жаным қалайтын. Қолым қалт етсе осы тірлікті істеп, рақаттанамын. Күніне өзім ойлаған межені орындамасам көңілім көншімейді. Құйғанымды құйғандай заматында әкетіп жатыр. Жаз – құрылыс жұмысының қызатын шағы. Қыстың қамын ойлап, пешін жаңартып жатқаны қан­шама. Қармақшыда кесек құюды кәсіп еткен жалғыз мен емес. Біраз жігіттер осымен отбасын асырап отыр. Бұрын жаппай жұмбаз құйдық. Ракушка мен газаблок шыққалы оған сұраныстың төмендегені рас. Пеш кесектің саудасы әзірге жаман емес. Қазір бір зейнетақы мен айлыққа қарап отыруға болмайды. Қосымша табыс тапсаң, қалтаңда тиын жүреді. Ақшаң болса қажетіңді емін-еркін сатып аласың. Кесектің 1 данасын 17 теңгеден сатамын, – дейді еңбек адамы. 
Базарбек Бүркітбайұлы кесек құю науқанында 15 көлік саз бен құм түсіреді екен. Осыдан кейін-ақ оның ала жаздай қанша кесек дайындап шығаратынын топшылай беріңіз. Оның қолынан шыққан құрылыс қажеттісіне тек аудан төңірегі емес, алыс ауыл мен өзге аймақтан да тапсырыс беруші көп.
ТҮЙІН
Біздегілер пеш кесектің рақатын көруде. Көз алдыңызға әжелердің арқасын сүйеп, ұршық иіріп, шұлық тоқитын көрінісі келсе, ол пештен жылу қабылдап отыр деп елестете беріңіз. Сексенге таяп, таяқ емес, қалыпқа сүйенген, мемлекеттен берілер жәрдемге емес, еңбекке сүйенген ақсақалдың тіршілігінен жастар да үлгі алса екен. Өйткені өмір сүру үшін қарекет керек. Ал жалқаулық жарға жығады.
Гүлжанат ДҮЗЕНОВА
03 тамыз 2019 ж. 1 312 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№102 (10367)

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Ақсұлу
29 желтоқсан 2024 ж. 67
СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ

20 қараша 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031