» » Отын саудасы қызып тұр

Отын саудасы қызып тұр


«Ауданымызға көгілдір отын келеді» дегенді естігенде бөркімізді аспанға атқан едік. Апырай, енді отын сындырып, көмір жақпаймыз ба? Шынымен-ақ біз қазақ қыс қамын жаз ойламай, күн ызғарына мініп суытқанда отын көмір іздеп әлек болатынымыз бар. Күні кеше көмір базасында кезекке тұрып, жұртпен таласа көмір сатып алғанымыз есімізде. Қазір шүкір ол жағдай да реттеліп, көмір  бағасы да түсіп, халыққа молынан жетіп жатыр. Ал, отын жолы қалай. Былтырғыдан қалған отынымыз биылға жетпей тағы да базар жағалауға тура келді. Несібемізге қарай жолыққанымен бағасы қалтамызға ауыр тиді. Газель автокөлігіне тиелген отынның бағасы он сегіз мың теңге екен. Қымбатсынып саудаласқан сыңай танытып әңгімеге көлік иесін тарттық.

– Бұрыңғыдай жақын маңнан шауып алып келетін отын қалмады, маңайдың бәрі жас шыбық. Оның өзінде есек арбамен қоймай тасып жатыр. Қызулы отын іздеу үшін қыр асып алысқа баруға тура келеді. Кейде көлігіміз бұзылып қалып жатады. Амал жоқ бала-шағаның нәпақасын табу керек – деді Қанат есімді жігіт. Несібелеріне қарай кейде сауда жүріп, тауар тез өтіп кетеді. Ал, кейде екі-үш күн өтпей тұрып қалатын кездері де болыпты.

 Табаннан сыз өткізіп, ығы жоқ ашық даладан бүрсең қағып отын шабу оңай емес. Сөйте келе пеш түбіндегі жылы орнымыздан әрең қозғалғанымызға қарамай бағасына мұрын шүйіреміз. Келесі бір жолда арбаға  жиналған отынды көзіміз шалып қалды. Егесі есегін орнынан енді қозғап жатыр екен. Амандасып саудаға көштік. Көкеміз саудасы жүрмегесін көше аралауға жылжып жатыр екен. Өзі де жаурап қалыпты. «Алам десең бес мың», – деді көкеміз ойланбай. Кей арбалар алты мыңнан сатылады екен. Ол кісі де біраз шерін тарқатты.

– Күн суық, жолдан шықсаң тайып омбы қарға батасың. Сосын бір жұмысыңа екі жұмыс жүктегенің, – деді ол.

 Қарап отырсаң дала жұмысының зейнетінен көрі бейнеті көп. Айналып келгенде отбасының қамын жасап бала-шағаны асырауды қам етеді олар. Көлігіне тиелген отынына сын айтып, қойған бағасын қымбатсынып, теріс бұрылып жатамыз. Қазіргі уақытта бензиннің бағасы олардың қалтасын ойып түсетінінде ескеруіміз керек. Дегенмен сіздің де халықтың жағдайын ойлап қойғаныңыз абзалы. Көп ұзамай көгілдір отын ауданымызға кіріп  берекесін берер. Бәлкім сол кезде бір бейнеттен құтылармыз.

Ерсін Сәдуұлы,
 «Қармақшы таңы».
10 қаңтар 2019 ж. 1 600 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 048

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031