» » КӨМІРДЕН ТАПШЫЛЫҚ КӨРЕМІЗ БЕ?

КӨМІРДЕН ТАПШЫЛЫҚ КӨРЕМІЗ БЕ?

Жайдары жаз да аяқталды. Күн ызғарын сезінген жұрт қыстың қамына кірісе бастады. Етек-жеңін қымтанып, ағаш, көмір, отынын қаттап «кәрі құдасын» қарсы алуға дайындық үстінде. Жылу маусымы жақындаған сайын көмір бағасының шарықтап кететіні тағы бар. Күз басталғалы да көмірдің нарқы күрт өсуде. Қыс ызғары қылаң берген сайын қалтасы саяз ағайын уайымға түсе бастағаны жасырын емес. Жалпы, жылу маусымына қарым қалай?
Көмір бағамы көңілге қонады
Елімізде көмір өндіретін қырыққа жуық ірі компания жұмыс істейді. Жылына орта есеппен 100 млн. тоннаға жуық көмір өндіреді екен. Көмір қоры да қомақты. Қатты отын өндірісінен әлемде сегізінші орындамыз. Десе де, «аспаннан шұға жауса да құлға ұлтарақ бұйырмайдының» кері келген секілді. Кейбір мәліметтерге қарағанда, отандық нарықтағы көмір бағасы кеніштен шыққан бағадан тұтынушыға жеткенге дейін 6-7 есеге жоғарылап кетеді екен. Экономистер көмір бағасының өсуіне себепкер – делдалдар дейді. Бөлшек сауда нарығында жоғары бағаны қалыптастыруға көлік шығыстары мен бастапқы өнім берушіден бастап өткізу бағасын еселеп көтеретін делдалдардың үстемеақылары ықпал етеді. Олардың қызметі де заңмен шектелмеген. Өкініштісі, бағасы шарықтап тұрса да біздің көмірдің сапасы сын көтермейді. Көмір иісінен уланғандар қатары жиілеп, тіпті мау­сым кезінде ауруханаға сыймай қалады-мыс. Сау­да мәдениетін дамытқан еуропалықтар көмірді хош иістендіріп, қатырма қағазға орап сатады екен. Ал, бізде ше? Біздегі көмір қатырма қағазға оралмақ түгілі радиациялық изотоптардан да толықтай тазартылмайтын көрінеді. Сөйтеді де көмірден бөлінетін зиянды заттар ағзаны улайды. Хош. Қытымыр қыста көмір таба алмай әбігерге түскендер де аз емес. Күні-түні күзетіп, ұзын-сонар кезекте тұрады. Бұл да үйреншікті көрініске айналғандай. Өңірдегі тас көмірдің бағасы – 14 мың теңге, ал, ағаш көмір – 16 мың теңге.
Жылу маусымына қарым қалай?
Аудан бойынша барлық әлеуметтік нысанның биылғы жылу беру маусымына дайындығы сақадай сай болмаса да, қозғалысы ілгерілеуде. Жалпы, өңірде 2 кент, 12 ауылдық округте 120 әлеуметтік нысан орналасқан. Білім саласы 57 нысан, мәдениет саласы 35 нысан, спорт саласында 7 нысан, денсаулық саласы бойынша 21 нысан бар. Осы 120 әлеуметтік нысан бойынша биылғы жылу маусымына тиісті қаржы бөлінген. Сондай-ақ, сұйық отынға мемлекеттік сатып алу бойынша конкурс ұйымдастырылып, нәтижесінде жыл соңына дейін сұйық отынмен қамтамасыз етуге «Матаева» ЖК иелік етті. Ал, қатты отынға биржа арқылы сатып алу нәтижесімен жеңімпаз атанған ЖК «Қалиев» пен ЖК «Есдаулетов» тасымалдаушы болып, барлық әлеуметтік нысанға отын қорын қажеттілігіне қарай жеткізуде. Мамандардың айтуынша, жылу беру маусымы қалыпты түрде өтуде. №185 және №186 орта мектептердің бу қазандықтарын сұйытылған газге ауыстыру мақсатында жобалық сметалық құжаттамасын рәсімдеп, ведомстводан тыс сараптамадан өткізуге қаржы бөлініп, әлеуеттік өнім беруші «Берекет Проект» ЖШС тарапынан сметалық құжаттамасы рәсімделіп, жоба сараптамадан өткізілуде. Сондай-ақ, №183 орта мектептің бу қазандығын табиғи газға ауыстыру жұмысына «Сыр Жоба» ЖШС тарапынан жобалық сметалық құжаттама рәсімделуде.
Көгілдір отынның да күні алыс емес
«Газ» десе елең ететін күйге жеттік. Әсіресе, көмір іздеп әбігерге түскендер газдың қосылуынан үмітті. Жалпы, көгілдір отын қашан іске қосылады? Жоба 2015 жылы сараптамадан өткен. Кенттегі автоматтандырылған газ тарату стансасын орнатумен қоса «Бейнеу-Шымкент» магистральді газ құбырынан газ құбыры құрылысының құны да қомақты. Былтырғы келісім шарт бойынша құрылыс-монтаж жұмысына бөлінген 548,397 млн.теңгеге 14,8 шақырым жоғарғы қысымды газ құбыры жүргізілген. Биылғы нысан – 1 автоматтандырылған газ тарату стансасының құрылысын жүргізу. Құрылысты жүргізуші мердігер мекеме – «ТрансАзияКонстракшн» ЖШС. Аталған жоба бойынша жұмыстар осы жыл соңында аяқталуы күтілуде. Сондай-ақ, 2016-2017 жылдары облыстық бюджет есебінен кентке жүргізілетін газ және кварталішілік газ құбырларының құрылыс жобасы рәсімделіп, жоба мемлекеттік сараптамадан өткен. Бүгінде қажетті қаржы облыстық бюджеттен бөлініп, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруа­шылық басқармасы мердігер мекемені анықтау мақсатында ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы аясында конкурс ұйымдастыруда. Шынында жобаның іске асуы үшін бірнеше сатылы жұмысы болады. Тек байбаламға салмай, игі тірліктің ақырын күту керек.
Тұрғындар кешелі бері қыстың қамын ойлап, жинағанына көмір алып әбігерге түсуде. Алайда, бұл уақытша жағдай. Өйткені, Бейнеу-Шымкент магистральді газ құбырын газбен қамту басталғалы қашан. «КазТрансГаз» мәліметі бойынша, бірінші сатыда жаңа магистраль бойымен тасымалданатын газ ішкі пайдалануға арналған. Газ құбырының ұзына бойы орналасқан 500 елді мекен көгілдір отынмен қамтылады. Құрылыстың толық аяқталуы және газ құбырлары нысандарын іске қосу, жобалық қуаты 10 млрд шаршы метр­ге қол жеткізу жоспарының нәтижесін көруге де аз уақыт қалды. Демек, осы уақыт аралығында көмірге деген қажеттілік те кеми түседі дегенге саяды.
Айнұр ӘЛИ,
Қазбек ТАЙБАҒАРОВ (сурет),
«Қармақшы таңы».
07 қыркүйек 2018 ж. 1 344 1

JeaCold от 13 наурыз 2019 18:31
Priligy Europe Propecia Sell Cheapest Nonprescription Bactrim cialis no prescription Kamagra Achat 150 Mg 3 Dollars Viagra

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 052

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031