» » КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРҒА КӨМЕКТЕСТІ

КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРҒА КӨМЕКТЕСТІ

Жақында «Нұр Отан» партиясы Пав­лодар облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне көпбалалы ана Марина Түкенова келіп, үй жылыту үшін отынға зәру болып отырғанын айтқан еді.
– Жұмыс істеймін, жалақым аз. Жалдамалы үйде тұрамын. Үйді жылытуға көмір өте қажет болып тұр. Партияның қайырымдылық қоры еместігін білеміз. Сөйте тұра, көмек сұраймын, – деп өтінді көпбалалы ана.
Өтініш берген ананы мұқият тыңдаған облыстық мәслихаттың депутаты, пар­тия­ның депутаттық фракциясының мү­шесі Олег Крук жергілікті тұрғынға көмек беруді ұйғарды. Ол өз қаражатына 4 тонна көмір сатып алып, тиісті мекенжай бойын­ша үйіне жеткізіп берді. Сонымен бірге, көпбалалы отбасының қиын жағ­дайына жәрдемдесу мақсатында пар­тияның облыстық филиалы қызмет­керлері қаражат жинап, М. Түкеноваға материал­дық көмек көрсетті.
Осыдан бір күн бұрын партиялықтар Моңғолиядан көшіп келген Оқыш Бидайықтың отбасына көмек көрсет­кенін де айта кеткен жөн. Оқыш Би­дайықтың сөзіне қарағанда, отбасының жағдайы өзінің денсаулығы на­шар­лағаннан соң күрт төмендеген. Осыған байланысты жұмысқа шығып, нәпақа табуға мүмкін­дігі жоқ. Пар­тиялықтар оның өтінішін де назардан тыс қал­дырмай, аталған отбасына азық-түлік жеткізіп берді.
Партияның облыстық филиалы демеу­шілердің көмегімен көпбалалы, оралмандар, аймаққа басқа өңірлерден көшіп келген отбасылар мен жалғызілікті ардагерлерге тұрақты түрде жәрдем беріп жүргенін атап өткен лазым.
Партияның облыстық филиалы қо­ғамдық қабылдау бөлмесі БАҚ пен әлеу­меттік желілер арқылы тұрғындардың мұқ­таждықтарын назарда ұстайды. Әсі­ресе, оралмандар мен басқа өңір­лерден көшіп келген отбасылар мәселе­лері – ерек­ше назарда. Бұл филиал төра­ғасы, об­лыс әкімі Болат Бақауовтың бізге жүк­те­ген міндеттерінің бірі. Шамамыз кел­генше демеушілердің көмегімен мұндай адам­дарға қолұшын беруге тырысамыз, – дейді «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орын­басары Илья Теренченко.
Айбек ЖҰМАТ
26 қаңтар 2018 ж. 1 858 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 265
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 422

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30