» » Өңірде көмір тапшылығы байқалмайды

Өңірде көмір тапшылығы байқалмайды

Ауа-райы күрт бұзылып, күн түнеріп тұр. Ал, түнге қарай қара суық бой көрсетеді. Тұрғындар қора-қопсысын қомдап, қысқы отын-суын әзірлеп әлек. Себебі, алда ұзақ қыс жатыр. Одан шығудың жолы қапысыз дайындық қана.


Қазір аудан орталығындағы көмір базаларында қарбалас тірлік. Солардың бірі – тұрғындар атап кеткен «Жаппасбаев», ал екіншісі – «Қаржаубаев» базасы. Одан бөлек жеке кәсіпкерлерге де көмір келеді. Қаптап сататындары тағы бар. «Қаржаубаевқа» көмір Қарағандыдағы Шұбаркөл көмір бассейнінен жеткізіледі екен. Қазір елімізде, одан тысқары елдерде де зор сұранысқа ие өте сапалы келетін «Шұбаркөл» көмірін қармақшылықтар отын ретінде жаратады.

Жалпы елімізде көмір өндіретін қырыққа жуық ірі компания жұмыс істейді. Олар жылына орта есеппен 100 млн. тоннаға жуық көмір өндіреді екен. Көмір қоры да қомақты. Қатты отын өндірісінен әлемде сегізінші орындамыз. Десе де, «аспаннан шұға жауса да құлға ұлтарақ бұйырмайдының» кері келген секілді. Кейбір мәліметтерге қарағанда, отандық нарықтағы көмір бағасы кеніштен шыққан бағадан тұтынушыға жеткенге дейін 6-7 есеге жоғарылап кетеді екен. Экономистер көмір бағасының өсуіне себепкер – делдалдар дейді. Бөлшек сауда нарығында жоғары бағаны қалыптастыруға кө­лік шығыстары мен бастапқы өнім берушіден бастап өткізу бағасын еселеп көтеретін делдалдардың үстемеақылары ықпал етеді. Олардың қызметі де заңмен шектелмеген. Қош. Қазіргі таңда көмір таба алмай әбігерге түскендер де аз емес. Күні-түні күзетіп, ұзын-сонар кезекте тұрады. Бұл да үйреншікті көрініске айналғандай. Ал, тұрғындар көмір түсе салысымен жапатармағай бағасына қарамай-ақ сатып алуда. Өңірде тас көмір­дің бағасы – 13 мың теңге, ал, шұбаркөл – 17 мың теңге.

Ауданда 2 кент, 12 ауылдық округте 120 әлеуметтік нысан орналасқан. Осы 120 әлеуметтік нысан бойынша биылғы жылу маусымына тиісті қаржы бөлінген. Сондай-ақ, сұйық отынға мем­лекеттік сатып алу бойынша конкурс ұйымдастырылып, нәтижесінде жыл соңына дейін сұйық отынмен қамтамасыз етуге «Матаева» ЖК иелік етті. Ал, қатты отынға биржа арқылы сатып алу нәтижесімен жеңімпаз атанған ЖК «Қалиев» пен ЖК «Есдаулетов» тасымалдаушы болып, барлық әлеуметтік нысанға отын қорын қажеттілігіне қарай жеткізуде.

Біреу «газ» десе елең ететін күйге жеттік. Әсіресе, қарапайым халық газдың қосылуынан үмітті. Жалпы, көгілдір отын қашан іске қосылады? Жоба 2015 жылы сараптамадан өткен. Кенттегі автоматтандырылған газ тарату стансасын орнатумен қоса, «Бейнеу-Шымкент» магистралі арқылы газдан алынатын газ құбыры құрылысының құны қомақты. Аталған жоба бойынша жұмыстар жыл соңында аяқталуы күтілуде. Сондай-ақ, 2016-2017 жылдары облыстық бюджет есебінен Жосалы кентіне жүргізілетін кварталішілік газ құбырларының құры­лыс жобасы рәсімделіп, жоба мем­лекет­тік сараптамадан өткен. Шынында жобаның іске асуы үшін оның бірнеше сатылы жұмысы болады. Тек байбаламға салмай, игі тірліктің ақырын күту керек.

Тұрғындар кешелі бері қыстың қамын ойлап, жинаған қаржысына көмір сатып алып әбігерге түсуде. Алайда, бұл уақытша жағдай. Өйткені, «Бейнеу-Шымкент» магистральді газ құбырын газбен қамту басталғалы қашан. «КазТранс­Газ» мәлі­меті бойынша, бірінші сатыда жаңа магистраль бойымен тасымалданатын газ ішкі пайдалануға арналған. Газ құбыры желісінің ұзына бойы орналасқан 500 елді мекен көгілдір отынмен қамтылады. Құрылыстың толық аяқталуы және газ құбырлары нысандарын іске қосу, жобалық қуаты 10 млрд. шаршы метрге қол жеткізу жоспарының нәтижесін көруге де аз уақыт қалды. Демек, осы уақыт аралығында көмірге деген қажет­тілік те кеми түседі дегенге саяды.
Айнұр ӘЛИ
27 қараша 2018 ж. 2 624 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 053

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031