» » ЖАСТАР ТАТУМЕН НЕГЕ ТАТУ?

ЖАСТАР ТАТУМЕН НЕГЕ ТАТУ?

Қоғамдағы болып жатқан өзгеріс адамға әсер етпей қоймайтыны ақиқат қой. «Татуировка», «пирсинг», «боди-арт» терминініңбізге де келіп жеткені қашан?Алғашқыда мағынасына мән бермей, саусақ шошайта қарайтын, өзімізге жат санаған мұндай бейнеге бүгінде көзіміз үйреніп те кеткендей. Бір қынжылатынымыз – мұның жылдан-жылға, тіпті, күннен-күнге осыған құмартып алған жастарымыздың көбеюі.
Талғамға талас жоқ, әрине. Бірі – өнерімен, бірі – білімімен дараланса, ал келесі бірі – сән жолымен жүргенді құп көреді. Қош, әр адамның өз еркі делік. Дей тұра сәннің жабайы түрі саналатын тәнге түскен таңбаларға қызығушылық неліктен артуда?  Бұл еліктеушілік пе, есіргендік пе? Адам баласы ең көркем мүсінде жаратылса, аманатқа неге қиянат жасап жүрміз?
Кэмбридждегі Энглия Раскин Университеті ғалымдарының жүргізген зерттеуі «татуды» жасатқан адамның көпшілігі агрессивті және бүлік тудыруға бейім екенін көрсеткен. Зерттеуге 20-58 жас аралығындағы 378 (181 әйел, 197 ер адам) адам қатысқан. Олардың 97-сінде «тату» болған. Зерттеушілер тату жасатпаған адамға қарағанда, оны жасатқан адамда шалт мінез, пиғылы бүлік шығаруға басым екенін анықтаған.
Татуды жігіттерге қарағанда қыздар көп жасататынын көрінеді. Нәзікжандылар көбіне мойынға, қолға таңба салғанды құп көреді. Мұнан бөлек қасқа татуаж жасап, көз айналасына қара бояумен сызық сыздырып та жатады. Ертеректе қазақ кісінің ажарына қарап, оның мінезін, болмысын бағамдайтын еді. Бетінде меңі бар қыз сүйкімді саналса, қалың қасты қыз берекелі, ерні жұқа қыз ашушаң болады деп пайым жасаған. Бүгінде қыздардың табиғи сұлулығынан жұрнақ та қалмай бара ма қалай?
Татуға бас сұғатын тек жас буын емес, сонымен бірге 40-50 жастағы аға буын да тәнге таңба салдырады. Екі аттасаң есігін айқара ашатын сұлулық салондарының төрттен бірі теріге тату салып береді екен.
– Денеме алғаш 18 жасымда тату жасаттым. Алматыға алғаш студент болып оқуға түскен кезім. Ата-анамнан біраз уақытқа дейін жасырып жүрдім. Кейіннен біліп, ренжіп сөкті. Мұнан соң денемдегі татуды қайта кетіріп тастадым. Еліктеушілікпен болған дүние ғой. Қазір татуға әуестігім басылды. Есейе келе түрлі зиянын естіген соң денеме қайта жасатқым келмейді, – дейді өзін Саян деп таныстырған ер жігіт.
Анам 45 жаста. Осыдан аз уақыт бұрын анамның қасына татуаж жасаттым. Күнде жұмысқа барар алдында қарындашпен бояп әуреленіп жатады. Ал қазір жуынады да жүре береді. Қасқа татуаж жасатқанның әбестігі жоқ деп ойлаймын,  – дейді Ажар есімді бойжеткен.
Бұған дін не дейді?
Машақаты мазаңды алып, қаражаты қалтаңды қағар мұндай тірліктің мұсылмандар үшін түк маңызы жоқ екенін дініміз де растайды. Иә, асыл дініміз де мұндай әрекетке қарсы. Денеге сурет салу – мұсылмандар үшін харам саналады.
– Дін денеге қандайда бір белгі салу туралы шариғат мүлде тыйым салады. Құран кәрімде «Біз адам баласын ардақты етіп жараттық» делінген. Сондықтан Алла Тағала адам баласын ардақты етіп жаратқан кейін оған неше түрлі таңба салуға болмайды,– деді аудандық «Қармақшы ата» мешітінің бас имамы Жақсыбек қажы Әбиұлы.
Иә, Пайғамбарымыз хадисінде денеге сурет салуға қатаң тыйым салады. Соның бірі Сахих Муслимнен жеткен хадисте: «Алла Тағала денеге сурет салғандарды да, салғызғандарды да лағынеттеді…», – делінген. Тағы бір хадисінде: «Жасанды шаш кигендер мен кигізгендер және қастарын жұлғандар мен жұлғызғандар, сондай-ақ, денеге сурет салғандар мен салғызғандар Алланың лағынетіне душар болады», – дейді. Ендеше дініміз тыйым салынған дүниеге әуес болмағанымыз абзал.
Медицина не айтады?
Татуды теріге ине арқылы жасайтыны баршаға мәлім. Мұның қауіптілігін дәрігер мамандар да ескертеді. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы сарапшысының мәліметі бойынша АИТВ жұқпасын тәнге түсетін таңбаны жасау кезінде 0,2-0,3 % жұқтыруы мүмкін.
Тәндегі тату аз десеңіз, денеге темір тағып, мүйіз шығаратындарды да ғаламтордан көріп жүрген боларсыз. Жоғарыда айта кеткендей денеге салатын темірді «персинг» деп атайды. Денені шұрық тесік етіп, оның орнына темір салу сұлу әрі ерекше көрінудің амалы дейді. Сіз мұны қаншалықты дұрыс көресіз, оқырман? Осындайда «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі ақымақтық» деген дана Абайдың сөзі ойға оралады.  Ал сіз ортаңыздан қалай дараланып жүрсіз? Ойланайық!
Ақнұр САҒЫНТАЙ,
«Қармақшы таңы»
23 сәуір 2019 ж. 1 179 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№102 (10367)

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031