» » » КІТАП ОҚЫП ЖҮРМІЗ БЕ?

КІТАП ОҚЫП ЖҮРМІЗ БЕ?


Кітап – ақылды қуаттандыратын құрал. Қазірде ақылымызды қаншалықты қуаттандырып жүрміз? Ішкі рухани байығымыз жұтаңдап жүрген жоқ па? Ал, сол жан дүниеміздің азығы болатын кітапқа деген сұраныс қандай? Бүгінгі жастар кітап оқымайды деген аға буынның назын жиі естіп жүрміз. Тіпті, құлақ та үйренгендей ме, елемей жылы жауып қоя салатын болыппыз.
«Артық білім – кітапта» екенін біле тұра, кітап бетін сирек ашатынымыз қалай? Себебін тірліктің, уақыттың жар бермеуіне әкеп тіреп қоямыз. Кітап оқитын жастар жоқ деп бір жақты пікір айтудан аулақпыз, әрине. Оқитындар бар. Жастар төл туындыларымыздан гөрі әлем әдебиеті, шетел басылымдарын, одан қалды түрлі жанрдағы психологиялық, мотивациялық детектив жанрларын сүйсіне оқиды. Талғамға талас жоқ, әрине. Олар неге қазақ әдебиетіне қызықпайды? Шынтуайтына келгенде жастар қандай кітап оқығысы келеді? Қазіргі қаламгерлер жастардың талғамынан шығарлық туынды жазып жүр ме?
Соңғы сауалға тоқталайықшы. Төл туындыларды неліктен оқымай жүрміз? Шығармалардың сюжеті, оқиғалар желісі бір сарынды болғанынан ба екен бәлкім? Мүмкін тың шығарманы күтіп жүрген болармыз. Тек қазіргі авторлар мен баспалар шығармаларды нарық заманында өз оқырманына жеткізуді заман талаптарына сай жолдарын іздеуі керек.
Жасыратыны жоқ, кітап жазатындар да көбейді бұл күнде. Қаламгерлер емес, түрлі салада жүргендер. Олардың да өз оқырманы, өз аудиториясы бар. Жастардың бір бөлігі осы кітаптарды оқып жүр. Әдеби шығармадан гөрі біреудің өмір жолы, олардың тыныс-тіршілігі әлдеқайда қызығырақ болып бара ма деп қаласыз. Сондықтан бізге әдеби, әлемге және қоғамға пайдасы тиетін, өзгеріс алып келе алатын, ойландыратын, жанға тыныштық және үйлесім сыйлай алатын кітаптар жазу керек. Болмаса жастар өзгенің өмірін жаттап алатын сыңайлы.
Кітап оқысам болды екен деудің қажеті шамалы. Кітапты таңдап, талғап оқи білу, оны түйсіну, санаға сақтау, алған әсеріңді өмір жолында қажетіңе жарата білу де керек. Бұл да өнер. Сіз жүз кітап оқыңыз, оның ішінде бірлі-жарымы ғана өмірлік қажетіңізге жарауы мүмкін.
Жастардың дені бүгінде өзін-өзі жетілдіру, психологиялық кітап­тарды оқитынын көріп жүрміз. Жас ерекшелігіне қарай талғам да өзгеріп отырады. Кейде тіпті талғамын өзің мойындайтын біреудің пікіріне сүйенесің, болмаса кітап дүкеніне барып, өзің сұрайсың. Кейде кездейсоқ тауып аласың. Міне, кітапты біз осылайша оқып жүрміз. Жүйелі оқуға дағдылануымыз қажет.
«Өз бойымдағы барлық ең жақсы қасиеттерім үшін кітапқа қарыздармын» деп ұлы ойшыл Максим Горький ізгі қасиеттерді адам бойына кітап оқу арқылы сіңіруге болатынын айтқан. Міне, осы тұрғыда өскелең ұрпаққа кітаптың қадір-қасиетін, ұлылығын түсіндіретін күш екенін ұғынса екен деген тілегіміз бар. Кітаппен дос болып, дүниетанымыңызды кеңейтіп, саналы ұрпақ болуға сізде өз үлесіңізді қосыңыз оқырман!
Ақнұр САҒЫНТАЙ,
«Қармақшы таңы».
11 ақпан 2019 ж. 2 601 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 036

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031