» » «Кітап-білім бұлағы, білім-өмір шырағы»

«Кітап-білім бұлағы, білім-өмір шырағы»



«Кітап-білім бұлағы, білім-өмір шырағы» тақырыбында жастар арасында дөңгелек үстел өтті.
Қармақшы аудандық орталық кітапханада «Нұр Отан» партиясының «Білім орталығы» партиялық жобасы аясында «Кітап-білім бұлағы, білім-өмір шырағы» тақырыбында жастар арасында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің мақсаты өскелең ұрпақтың рухани, интеллектуалдық өсуіне қажетті мүмкіндіктермен қанағаттандыру және шығармашылық дамуына қолайлы жағдай жасау үшін қазіргі қоғамдық кітапханаларды білім беру орталықтарына айналдыру. Жастар – ұлт болашағы болғандықтан, қай заманда болса да қоғамның басты тұлғасы. Жастар кез келген әлеуметтік қатынастарда, рухани игіліктерде маңызды орын алады.
Дөңгелек үстелге аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Қаниева Күлшара, әдістемелік библиография бөлімінің меңгерушісі Раева Гауһар, «Нұр Отан» партиясы Қармақшы аудандық филиалының сарапшысы Пірназарова Динара, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің маманы Байкубекова Гульфайруз, аудандық жастар ресурстық орталығының мамандары және аудандық аграрлы-техникалық колледжінің студенттері қатысты.
Дөңгелек үстелде кітап дегеніміз не? Жастарды кітап оқуға баулығанымыз жөн деп ойлайсыз? Жастар электронды кітаптарды оқиды. Сол электронды кітаптар мен баспадан басылып шыққан кітапты оқудың айырмашылығы неде? Қазіргі кезде қандай кітап оқып жүрсіз? Кітапхананы парасат ордасы дегенді қалай түсінесіз? сұрақтары бойынша талқыға түсіп, жастар өз ойларын ортаға салып, пікірлерімен бөлісті.


26 қаңтар 2019 ж. 3 412 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 045
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 712

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031