» » Саусақ сыр айтады

Саусақ сыр айтады

Саусақ сыр айтады
Хиромант мамандар саусақты пішіміне қарай үшкір, төртбұрышты, доғал, салалы, қысқа деп беске бөледі.
Үшкір саусақ - Хирономия ілімі бойынша мұндай саусақ іскер,қызуқанды,әсершіл,шешемтал адамға бітеді.Сондай-ақ хироном мамандар үшкір саусақ иелері не нәрсеге де шыдамсыз,тұрақсыз,құбылмалы,жұрттың айтқанына ергіш,сенгіш келеді деп есептейді. Кейбірінің тіпті жеңілтек,қатыгез болуы да ықтимал екенін ескертеді.
Төртбұрыш саусақ - Хирономия мұндай саусақты адамның тәртіпті,жинақы,табанды,ынталы һәм досқа адал болатынын айтады. Салт-дәстүрді ұстануға,адам сыйлауға бейім келеді. Нақтылы ғылымдарды игеруге қабілетті,ерік-жігері мықты. Алайда төртбұрышты саусақ иелерінен өзгеге ұқсамайтын ерек қасиет иелері шыға бермейді,өзі түсініп,ұғуға шамасы жетпейтін нәрсені мойындауы қиын. Ойламы да,іс-әрекеті де тек нақтылыққа,материалдық негізге табан тірейді.Мұнысы оның адымын аштырмай,күнделікті ұсақ-түйек тірліктің қызығына байлап тастайтын жағдайларда аз ұшырыспайды.
Доғал саусақ - Саусақ бітімі мұндай жандар қайратты,жігерлі,дербес іс-әрекетке құштар һәм мақтан сүйгіштеу келеді. Басқаның ой-пікірімен санаса қоймайды,үнемі дерлік өзім білемін,өзімдікі дұрыс деген сенім жетегінде жүреді. Хирономия доғал саусақтылардан жұртты соңынан ерте білетін шешен-көсемдердің,мықты актерлардың жиі шығатынын алдыға тартады.
Салалы саусақ - Мұндай адам қандай қиын шаруаны да қиналмай һәм мінсіз атқаруға қабілетті. Бауырмал,жақын-жуықтарына,дос-жарандарына қамқорлық жасауға әзір тұрады. Бірақ басына іс түскен,тығырыққа тірелген кездері тым ұсақтап,өзіне лайықсыз әрекеттерге бару,жоқтан өзгені қазбалап,жөн-жосықсыз қазымырлыққа салыну да салалы саусақтыларға жат қылық емес дейді хирономия.
Сұқ саусақ - Оның ұзындығы ортаңғы саусақпен бірдей болса,онда ондай адамның әміршіл болу,даңқа жету мүмкіндігі өзгелерден әлдеқайда жоғары.наполеон т.б. көптеген даңқты қолбасшылардың,елбасылардың саусақ бітімі осының дәлелі,-дейді мамандар.
Шынашақтың салалы болуын да хирономия билікке,байлыққа қол жеткізетіндіктің нышаны деп біледі.
09 сәуір 2018 ж. 1 897 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 072
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 732

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031