» » » БҰРЫМДЫ ҚАЙДА ҚАЛДЫРДЫҢ, ҚАЗАҚ ҚЫЗЫ?

БҰРЫМДЫ ҚАЙДА ҚАЛДЫРДЫҢ, ҚАЗАҚ ҚЫЗЫ?

Ана! Ардақты есім. Анасыз адам болмайды, қанатсыз құс болмайды. Жүзі жылы, жүрегі жұмсақ көңілі кіршіксіз, мінезі мақпалдай, өн бойы мейірімділікке тұнып тұрған асыл қасиеттердің алтын арқауы, мөлдір бұлақтай бастауы – әрине Ана. Бүгінгі қыз-болашақ ана. Ендеше қазіргі таңдағы қаракөз қыздарымыз қалай? Бұрын қандай еді. біз осы жағына қалам сермеп, ой жүгіртіп көрмекпіз. Құрметті оқырман бірігіп таразылап көрейік.
Дуалы ауыз даналарымыздың «Қыз үйдің қонағы, келін елдің келбеті», «Қызым саған айтам, келінім сен тыңда» деген нақылдары ұлт болашағына ұлағатты тәрбие. Халқымыз ежелден «Қыздың жолы жіңішке», «Қызға қырық үйден тыйым» деп қыз бала тәрбиесіне аса мән беріп отырған. Қызын құрметтеп төрге шығарған. Бұл біздің ата-бабаларымыздан салтымызға сіңіп, тарихымыздан тамыр алған дәстүріміздің діңгегі.
Қыз келсе төркінім деп маңдай тіреп келеді, қолда барыңды алдына тосып қадірлей біл, таршылық танытпа. Қызға берсең Құдай береді, қарағым, деген ана өсиетін тыңдап жетілдік, әлі де жадымызға тоқып келеміз. Қыз баласы нәзік жанды жаратылған ғой. Сұлулық символы іспетті. Қандай мақтау айтсақ та жарасады. Ай қабақ, найза кірпік, оймақ ауыз, алма мойын, шие ерін, маржан тіс, сүйрік саусақ, ақ білек, тартымды қылықты аруларымызға арнаған әдемі сөздер жетіп артылады. Бәрі-бәрі бір бойы­­на құйып қойғандай. Неткен жарасымдылық десеңші. Кәмшат бөрік, бүрмелі көйлек, бұл да біздің қазақ қызының әсемдігіне көрік қосады. Анасына жәрдемдесіп, жүн иіріп, киіз басып, то­қыма тоқып, құрақ көрпе көктейтін, сыпайы сөй­леп, сызылып тұратын ұяң мінезді болып келеді.
Бұл өткеннің өнегесі, әдептіліктің белгісі деп танимыз. Әрине, замандас құрбыларымыздың ішінде бойында инабаттылықтың иісі бар, раушан гүлі секілді айналасына жұпар шашып, жүзінен мейірімділік нұры төгіліп тұратын аруларымыз да аз емес. Бұған ішіміз жылып, сырттай сүйсініп отырамыз.
Десек те, күріш арасында күрмектер кездесіп жататыны жасырын емес. Бұл өсиет айтар әжелер мен шежіре шертетін аталардың азайып, тәрбиенің таяздығынан ба? Жоқ әлде, ақылды аяқ асты қылып, көбіне құлақ аса бермейтіннің әсері ме?! Халқымыз оң босағада отырған қыз баланы құрметтеп адалдық пен әсемдікке баулып, көз моншақ тағып, шашбау байлап, бұрымын өсіріп қоятын болған. Үлкендерден үйренген үрдісімізді үзбей үнемі үздіксіз үлгі ете білейік. Бірақ, бүгінде өкініштісі сол, бұрымды аруларды көре бермейміз. Бұрымы белден асатын биязы қыздарымыз қайда? Біздің ұлт­тық бет-бейнемізді айқындайтын да қазақы тәр­биеміз емес пе? Қазақ қыздарының шашын жаю біздің салт-дәстүрімізге жат қылық. Ондайда үлкендер жаман ырымды бастама деп тыйып тастап отырған. Қыздарымыз шашын жайып үй­ден шықпақ түгілі көшеде түн баласындай ер­кін жүре береді. Ата-анасы айтпайды ма дей­сің-ау? Тыңдамаса не шара?
Жаның ашып өзім деп өбектейсің, өз қызғал­дақтарымыз өзгеріп кетпесінші дей келе, салтымызға салқындау батыс елдеріне еліктеп, олардың өмірлерін өнеге етіп, санамызға сіңіріп алмайық, ағайын!
Т.БЕКМЫРЗАЕВ.
09 қаңтар 2018 ж. 4 703 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 024

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031