» » » Сурет – сөйлемейтін өмір

Сурет – сөйлемейтін өмір

Сурет – сөйлемейтін өмір. Кар­тинаның өн бойындағы суретші жеткізбек болған ойды ұғыну талайға бермес мүмкіндік. Мені әлі күнге тамсандыратын қазақтың би өнеріне біршама үлес қосқан Шара Жиенқұлова бинеленген.
Бұл сурет – қазақы ұлттық нақышта киілген, ұлттық болмысты бойына сіңірген, қазақ қызының бейнесін көрсетеді. Сурет арқылы бүкіл бір ұлттың салт-дәстүрін, әдеп-ибасын, өмір сүру жағдаяттарын аңғаруға болады. Аталған сурет осы бейнені баяндап, тұтас білгендей. Бұл суретті Гүльфайрус Исмаилова 1958 жылы, 29 жасында салған. Туынды тік форматта, майлы бояумен кенепте салынған. Суретші бізге сұлулықты, өмірге құштар әйел образын көрсеткісі келген. Суретте орта жастағы әйел бейнеленгенін көруге болады. Қызға қырық үйден тыйым деп бекер айтпаса керек. Қазақ қыздары, жасөспірім кезінде шашбау тағып, ұзатылғанда сәукеле киіп, білезік, сақина, әр түрлі көркем тастармен көмкерілген қазақы қамзол, әдемі көйлек киетін болған. Суреттен Шара Жиенқұлованың ана екені, оның біршама іс бітіргенін көруге болады. Суретте көрініс тапқан биші қыздың-тек сыртқы бейнесі баяндалмайды, ішкі-жан дүниесінің сұлулығы қоса суреттелгендей.

Гүлнұр Алмасбекқызы,
Т.Жүргенов атындағы
Қазақ Ұлттық өнер академиясы, өнертану мамандығының
1 курс студенті.
09 қаңтар 2018 ж. 3 935 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (10426)

05 тамыз 2025 ж.

№57 (10425)

02 тамыз 2025 ж.

№56 (10424)

29 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 183
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031