» » » ЖАСАНДЫ СҰЛУЛЫҚ КІМГЕ ОПА ӘПЕРЕР?

ЖАСАНДЫ СҰЛУЛЫҚ КІМГЕ ОПА ӘПЕРЕР?

«Татуировка», «пирсинг», «боди-арт» сияқты сөздердің қоғамымызға еніп кеткені қашан. Бұрындары мағынасына мән бермей, өзімізге жат санаған әрекеттерге көзімізбен қоса, етіміз де үйренді. Бір өкініштісі, жылдан-жылға осы бір жаман әдетке құмартып алған қаракөз қыз-жігіттеріміз көбейіп барады.
Беті пішіндегі кемшіл немесе өзіңізге ұнамайтын тұсты әп-сәтте татуаж арқылы өзгертіп ала-аласыз. Енді қарлығаштың қанатындай қиылған қасым жоқ деп уайымдамасаңыз да болады. Татуаж арқылы кез келген формаңызды, ұзын немесе қысқа, тіпті түсіне дейін көңіліңізден шығатындай етіп таңдай аласыз. Қыздар түгілі, егде жастағы әжелеріміздің өзі осы әдіске жүгінуде. Немереге ақыл айтатын шағында, қасын қияқтай етіп, боянып алып жүрген апаларымызды көргенде қарның ашады кәдімгідей. Мамандардың айтуы бойынша, қас сызуға арналған бояудың, денеге салынатын суретті татудан ешқандай айырмашылығы жоқ. Қазіргі күнгі перманентті татуажға сұраныс жоғары екенін байқадық. Перманентті тату 80-жылдары Еуропада кең етек жайған. Ал, Қазақстанға 2014-2015 жылы келе бастады. Қазіргі татуаж бен перманентті татуаж арасында үлкен айырмашылық бар. Ертеректегі қолданылып жүрген татуаж теріге терең енгізіліп, татуировкаға арналған пигментті бояулар пайдаланылған соң, 5-6 жылға дейін теріде сақталатын. Алайда, уақыт өте келе өз түсін өзгертіп, жасандылыққа жол берілетін болды. Ал қазіргі перманентті макияжда терінің тек беткі қабаты ғана боялады. Бірақ, бұл жұмысты өз ісінің шебері, тәжірибесі мол адамға ғана жасату қажет. Перманентті макияжды жасатуға болмайтын себептер де бар. Олар: қант диабеті, тері аурулары, онкология, жүктілік кезінде, аллергиясы бар адамдарға бұл процедураға тыйым салынады. Бүгінгі таңда бұл татуаж түріне әйелдерге қарағанда, мектеп жасындағы оқушылар және 25-ке дейінгі қыздар көп келеді екен. Көпшілігі қасты ғана жасатып қоймай, еріннің пішінін үлкейтіп, көзінің айналасын да сәндейді. Қазіргі шеберлер «Көлеңкелі қарайту әдісіндегі тұрақты макияж» (перманентный макияж в технике теневая растушевка) атты соңғы үлгідегі техниканы қолданады. Ол теріде 6 айдан-1,5 айға дейін сақталады. Сонымен қатар, адамның жасы да маңызды рөл атқарады. Жас ағзада тері тез жаңарып отырғандықтан, пигмент тез өшеді, ал егде жастағы әйелдерде ұзақтау сақталады. Кейде, мамандардың сауатсыздығынан, жіберілген қателігінен өмір бойына соқыр болып қалуыңыз ғажап емес. Құдай сақтасын дейік.
Асхат Жарқынбеков, ауданның бас имамы:
-Ертеректе ата-бабаларымыз ет жегеннен кейін, майлы саусағымен қасын майлап қоятын болған. Себебі, ақыретте қорғайтын, күнәні жасыратын осы-қас. Қазіргі күнгі жастармен қоса, ересек апаларда қасына түрлі татуаж жасатып, қырып тастап жатады. Қас жұлғанға, Пайғамбарымыз (с.ғ.с) лағнет айтқан. Алланың берген аманатына, қиянат жасамағанымыз абзал.
Райхан Мысаева, «Марал» сұлулық салонының қызметкері:
-Дамыған заманда бәрін өзгертуге болады. Қазіргі қолданыста көп қолданылып жүрген татуаж, ертеректегі татуажға қарағанда жеңілірек. Бұрын қанын шығарып, етке кіргізіп, ине кірген жерлер жара болып қалатын, ал қазір олай емес. Тіпті қызармайды да. Әр тұтынушыға инесін де ауыстырып отырамыз. Қолғап киіп жұмыс жасауы керек. Біздегі бағасы қалаға қарағанда арзандау. 5000 -нан-10-мың аралығында.
Гүлмира Мұса, аудан тұрғыны:
-Перманентті татуаж жасауды өз басым қолдаймын. Бұрын менің қасым өте жұқа, тіпті көзге көрінбейтін. Қазір татуаж жасатқалы бері ел көзіне түсуге ұялмайтын болдым. Алты ай сайын түзетуге (кооррекция) барып тұрамын. Қасымның пішіні өзіме ұнайды. Сонымен қатар, ерініме де жиектеме жасатқанмын. Кішкене ауырсыну болады, әрине. Қазір үйреністім. Шынымды айтсам, кірпік, татуаж, макияжсыз жүре алмаймын. Айына кем дегенде 30 мың теңгені салонға санап беремін.Түйін:
Сұлу болған әрине, жақсы. Десе де, Жаратушының берген сұлулығын артық қыламын деп, тыртық қылып алудан абай болайық, аяулылар.
Арайлым АБАЙҚЫЗЫ,
«Қармақшы таңы».
11 тамыз 2018 ж. 1 692 1

JeaCold от 23 ақпан 2019 10:09
Costo Levitra On Line Prix De Xenical 120 Mg generic 5mg cialis best price Generic Staxyn Compra Viagra Sin Receta

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 050

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031