» » Жолыңыз болмай жүрсе

Жолыңыз болмай жүрсе

Жолыңыз болмай жүрсе
Қазіргі қоғам сын сәтте морт сынатындарды алақанына салмайды. Егер ойлаған ісіңіз жүзеге аспай, күйзеліске түсіп жүрсеңіз, кінәні өзгеден не өзіңізден іздеудің қажеті жоқ. Бір сәтсіздік алдағы жеңіске сеп болуы мүмкін ғой. Жолыңыз болмай, толғанып жүрсеңіз, мына кеңестерге көз жүгіртіңіз.
Демалыс сағаты. Rүннің 24 сағатының біреуін өзіңізге сыйлаңыз. Ол уақытта демалыңыз, ойланыңыз, өзіңізбен тілдесіңіз. Теледидар, ғаламтор, қоңырауларға бір сағат "жоқ" деп, осы кезде туындаған ойларды жазып отырыңыз. Артынан оқып, өзіңізге таң қаласыз!
Сылтау іздемеңіз. Демалуға сылтаудың қажеті жоқ. Расымен, миды демалтқыңыз келсе, артық ойларды ұмытып, сылтау іздеумен басты қатырмаңыз. Ондай жағдайда демалысыңыздың да пайдасы тимейді. Тіпті жалқауланудан рахаттануды үйреніңіз. Кітап оқығанда оны аяқтауды, компьютерлік ойын ойнағанда оның келесі сатысына өтуді мақсат қылмай, жай көңіл көтеріп, демалыңыз. Сонда шынымен уақыт босқа өтпей, жалқауланудан да пайда аласыз.
Кінәлі сезінбеңіз. Біреудің жұмыстағы жетістіктерін, барып келген демалысының суреттерін көріп, досыңыздың спортзалға баратыны жайлы естіп, "Мен неге бара алмаймын?" деп өзіңізді кінәламаңыз. Бір сәтте барлық істерді бірге алып жүру оңай емес, сондықтан асықпай біреуін қолға алыңыз. Оған әбден үйреніп, келесісіне кірісіңіз. Осылай жарты жыл ішінде сіз де бәріне үлгеретін болып шығасыз.
Оңай жол іздеңіз. Жаңа қызығушылық таңдағанда арасынан ең оңайы мен өзіңізге ең ұнайтынына назар аударыңыз. Шаруа көңіліңізден шықпаса, оның сәтті болуы екіталай. Ал оңайлығы сізді іштей рухаттандырып тұрады. 
5 минуттық демалыс. Жұмыс барысында өзіңізге 5 минуттық демалыс беріп тұрыңыз. Күшіңіздің тапшылығын сезсеңіз, орныңыздан тұрып, шай ішіп, тынығып алыңыз.
Кейбір жағдайларда кішігірім демалыстар күйзелістен құтқармайды. Демек, мәселе басқада. Мүмкін сізге істеп жүрген жұмысыңыз, айналысатын шаруаңыз ұнамайтын шығар? Не өз күшіңізге сенімді емессіз бе? Осы сұрақтарға жауап іздеп көріңіз.
23 шілде 2018 ж. 850 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 096

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031