» » Неліктен мысықтың көзіне тік қарауға болмайды?

Неліктен мысықтың көзіне тік қарауға болмайды?

Неліктен мысықтың көзіне тік қарауға болмайды?
Үйіңізде мысық асырайсыз ба? Кейбіреулер жақтырмаса да, мысықты жақсы көретіндер қатары аз емес. Дегенмен көпшілігі бұл үй жануарының аңшылық қасиетінің бар екендігін ескермей жатады. Әсіресе, кішкентай балалары бар үйде бұған қауіп ретінде қараған жөн.
Ересек үй жануарлары иелерінің өздеріне тым көп көңіл бөліп, ойнатқанын ұнатпайды. Ал мысық көзіне адам қарап тұрғанын аңғарса, агрессивті күйге түседі. Оның қорғаныс инстинкті бірден оянып, қауіпті сезіне бастайды. Бірақ барлығы жануардың мінезіне байланысты. Егер мысығыңыз тынымды болса, басқа жаққа бұрылып кете береді. Ал мінезді мысықтар мұндай жағдайда тырнап, тістей бастайды.
Мысықтың көздері өзге үй жануарларының көздерімен салыстырғанда бір-біріне жақын орналасқан. Оң және сол жақта көздерінің көру секторы қатар байланысқан. Мысықтар объектіні бір уақытта екі көзімен көреді. Осы қасиеті арқылы оның қандай ара қашықта орналасқандығын бірден аңғарады.
Адам көзінің шолу бұрышы 180⁰ болса, мысықтарда айналаны шолу қабілеті 200⁰-қа тең.

Мысықтың көзіне қарамаңыз!

Неге? Бұл тыйымның бірнеше себептері бар. Өзіне адамның тік қарағанын аңғарған үй жануарынан зерттеушілер:
1. Аңшылық қасиетін;
2. Қауіпті сезінуін;
3. Қорқынышын;
4. Адреналиннің артуын және агрессияның пайда болуын аңғарған.
14 шілде 2018 ж. 3 082 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 247

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 348

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930