» » Паразиттік аурулар оның ішінде Дерматомикоз ауруының алдын-алу

Паразиттік аурулар оның ішінде Дерматомикоз ауруының алдын-алу

Паразиттік аурулар - паразиттердің тіршілігінен туындаған ағзаның патологиялық жағдайы. Паразиттер - бұл қалыпты өмір сүру үшін қажет басқа иелерінің есебінен өмір сүретін ағзалар. Негізгі 2 түрі бар: қарапайым және гельминттер болып бөлінеді. Қарапайым - адам денесінде өмір сүруге қабілетті микроорганизмдер. Гельминттер - адам денесінде де, одан тыс жерлерде де болуы мүмкін микроорганизмдер. Осы паразиттік аурулардың ішінде дерматомикоз ауруына тоқталып өтетін болсақ.
Дерматомикоз – бұл микроскопиялық саңырауқұлақтар тудыратын адам және жануарлардың жұқпалы тері ауруы. Дерматофитияның ең көп таралған түрі: микроспория және трихофития.
Ауру қоздырғыштары теріге басқа да жұқпалардың енуіне жол ашады және аллергиялық аурулардың басты себептерінің бірі болып табылады. Дерматофития өте жылдам жұғатын және тез таралатын тері ауры.
Аудан бойынша жыл басынан «Дерматомикоз ауруы» өршу үстінде. Аудандар деңгейіндегі аурушаңдылық көрсеткіші Қармақшы ауданы бойынша жоғары деңгейде. 2024 жылы 18 жағдай есепке алынып, 100 мың халыққа шаққандағы көрсеткіш 20,5 пайызды құраған болатын. Осы тіркелген науқастарды кәсіби құрамына қарай бөлетін болсақ: мектептен 9 жағдай, балабақшадан 2 жағдай, үй баласы 6 жағдай, мүгедектер арасында 1 жағдай. Дерматофитиямен көбінесе балалар ауырады. Ал, биылғы 2025 жыл басынан бүгінгі күнге дейін 5 жағдай тіркеліп отыр.
Аурудың көзі - осы жұқпамен ауырған жануарлар (ит, мысық, ауылшаруашылық малы) немесе науқас адам болып табылады. Ауру науқас адамның заттарын (киім, бас киім, тарақ, қайшы, төсек жабдықтары) қолданған кезде және ауру малды қарап-күту кезінде жұғады. Сонымен қатар, көпшілікке қызмет ететін мекемелерге барғанда (сауна, жасанды су қоймасы, монша, шаштараз, спорт кешендері) жеке гигиенаны сақтамаған жағдайда жұқтырады. Аурудың жасырын кезеңі - 1аптадан 1 айға дейін. Шаштың арасында 1-2 домалақ немесе сопақша келген үлкен, қызғылт немесе алқызыл түсті қабыршақты жара пайда болады. Шаштың барлығы бір деңгейде (5-8 мм) қырқылып қалады және жылдам жұлынады. Беттің, дененің, аяқ-қолдың терісінде де домалақ, шеттері айқын көрінетін, білекше тәрізді қабынған дақ пайда болады. Жараның ортасында қабыршақтар байқалады. Бұл ауру 1-2 айға дейін ұзақ емдеуді талап етеді.
Дерматомикоздың басты белгілері:
- теріде қызарған дақтардың, қабыршақтардың пайда болуы;
- аяқ-қол тырнақтарының пластинкаларындағы патологиялық өзгерістер;
- бөртпе көпіршіктердің пайда болуы;
- базданудың пайда болуы;
- дененің қышуы, ашуы.
Дерматомикоздың алдын алу іс-шаралары:
- Жеке бас гигиена ережелерін сақтау (моншада жуынатын легендерді дезинфекциялау, отбасының әрбір мүшесінде жеке бас гигиенасына арналған заттардың болуы);
- Бассейндерде, моншаларда, жағажайда резинке аяқ киімдерді пайдалану;
- Қоғамдық орындарға барып келгеннен соң қолды мұқият сабынмен жуу;
- Қаңғыбас жануарлардан аулақ жүру;
- Үй жануарларын ветеринарлық дәрігерге уақытылы көрсетіп, қажетті екпелер алу;
- Егер сіздің айналаңызда тері ауруымен ауыратындар болса, жеке гигиеналық тазалыққа көңіл бөлу.
Дерматомикоздың алғашы белгілері пайда болған кезде тез арада дерматологқа көріну керек екендігін есте сақтаңыздар!

Гулфараз Жумабекова,
Қармақшы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының жетекші маманы.
13 ақпан 2025 ж. 22 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№11 (10379)

11 ақпан 2025 ж.

№10 (10378)

08 ақпан 2025 ж.

№9 (10377)

04 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 383
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728