» » Паразиттік аурулардан зақымдану

Паразиттік аурулардан зақымдану

Паразиттік аурулар - паразиттердің тіршілігінен туындаған ағзаның патологиялық жағдайы. Паразиттер - бұл қалыпты өмір сүру үшін қажет басқа иелерінің есебінен өмір сүретін ағзалар. Паразиттер - адам денсаулығына теріс әсер ететін организмдердің 2 негізгі түрі бар: қарапайым және гельминттер.
Қарапайым - адам денесінде өмір сүруге қабілетті микроорганизмдер. Мысалы, лямблиоз-ластанған ауыз суды пайдалану кезінде пайда болуы мүмкін қауіпті патология. Лямблиоз көбінесе ащы ішектің зақымдануымен сипатталатын антропонозды ауру. Берілу механизмі фекальды - оральды. Берілу жолдары:алиментарлы, су арқылы, тұрмыстық-қатынастық.

Гельминттер - адам денесінде де, одан тыс жерлерде де болуы мүмкін микроорганизмдер. Олар құрттар ретінде танымал. Олардың бірнеше түрлері бар:өткір, жазық, дөңгелек және таспалы құрттар. Гельминтоздардың аталуы ауру туғызатын құрттардың түріне қарай. Олардың тек адамда (аскаридоз, энтеробиоз, т.б.) немесе адам мен малда қатар кездесетін гельминтозооноздар (трихинеллез), (эхинококкоз) түрлері белгілі.
Соның ішінде аскаридозға тоқталып өтсем. Аскаридоз — адам мен жануарлар денесінде тіршілік ететін жұмыр құрттардан пайда болатын ауру. Ол адам денесінде жұптасып өмір сүреді. Жұмыртқасы нәжіспен сыртқа шығады, бірақ 14 күнге дейін топырақта тіршілігін сақтайды. Жуылмаған көкөністерді, жеміс-жидектерді жегенде, қайнатылмаған суды ішкенде құрттар адам денесіне түсіп, ауру туғызады. Әсіресе Аскаридозбен балалар көп жағдайда ауырады. Аурудың алғашқы және асқынған кезеңдері болады.
Энтеробиоз - бүкіл әлемде кең таралған паразиттік аурулардың бірі, оны «лас» қол ауруы деп атайды. Адам кез-келген жаста энтеробиозбен ауыруы мүмкін, бірақ негізгі «қауіп тобы» - бұл мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалар. Бұл балаларда жеке гигиена дағдыларының жеткіліксіз дамуына байланысты. Энтеробиоздың қоздырғыштары - кішкентай (3-12 мм) жұқа ақ гельминттер, жұмыртқа тәрізді. Ащы және тоқ ішектің төменгі бөлігінде болады. Острицалардың өмір сүру ұзақтығы 3-4 апта.
Әркім паразиттік инфекцияның құрбаны бола алады. Бірақ кейбір адамдар басқаларға қарағанда үлкен тәуекелге ұшырайды. Бұл келесі факторлардың болуымен байланысты:
1) Әлсіз иммундық жүйе.
2) Таза ауыз судың болмауы.
3) Ластанған көлдерде, шомылу.
4) Топырақпен жұмыс.
5) Үй жануарларының болуы (токсоплазмоз).
Аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары, паразиттік аурулардың алдын алу үшін жеке бас гигиенасын мұқият сақтауға кеңес береді.
Г.Төлепбергенова,
Қармақшы аудандық санитариялық эпидемиологиялық
бақылау басқармасының басшысы 
15 қараша 2024 ж. 196 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 387
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 178

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930