» » АУЫРМАУДЫҢ ЖОЛЫ – АЛДЫН АЛУ

АУЫРМАУДЫҢ ЖОЛЫ – АЛДЫН АЛУ

Эхинококкоз – паразитарлық індет. Қоздырғыштары – таспалы гельминттер. Бұл – адам үшін де өте қауіпті ауру. Адам абайсыз жеміс-жидек, өсімдіктер, су, тағамдармен құрттың жұмыртқасын жұтып қойғанда ауруға шалдығады.
Ауру қоздырғышы негізінен иттен, шибөрі, түлкіден тарайды. Итке ауырып өлген мал өлексесін немесе ішек-қарын қалдықтарын жегенде жұғады. Адам ішегіне түскен эхинококк жұмыртқасы қан тамырына өтіп, одан қан арқылы бауырды, өкпені, тағы басқа ішкі органдарды зақымдайды. Эхинококк құрты өте жәй өсетіндігі салдарынан сырқат белгілері біртіндеп білінеді, ауру бірнеше жылға созылады. Негізінен адамдар мен ауыл шаруашылығы жануарлары үшін инфекция көзі қоздырғыштың микроскопиялық жұмыртқаларын сыртқы ортаға бөлетін жұқпалы иттер болып табылады. Жұмыртқалар иттердің жүнінде, олардың нәжістерінде, жерде немесе шөптерде (ит жатқан жерде), ашық су қоймалары суында (иттердің нәжістері түсуі мүмкін) болуы мүмкін.
Өткен жылдан бүгінгі күнге дейін аудан бойынша эхинококкоз ауруы тіркелген жоқ. Басқарма тарапынан алдағы уақытта ауру тіркелуін болдырмау мақсатында ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы паразиттерді жұқтырып алмас үшін бірнеше ережелерді сақтауға кеңес береді.
– қарапайым жеке бас гигиенасын сақтау, көшеден келгеннен кейін, тамақтанар алдында, ақшамен, жануарлармен жанасқаннан кейін қолды сабындап жуу;
– қаңғыбас иттерге жақындамау, үй жануарлары бар болса жүйелі түрде ветеринариялық клиникаға тексертіп отыру. Міндетті түрде жануарды дегельминтизациялаудан өткізіп отыру;
– аурудың белгілері байқалған болса, дәрігер көмегіне жүгіну.
Осындай қарапайым алдын алу шаралары денсаулықты күтуге және ауруды болдырмауға көмектеседі. Өмір негізі – денсаулық, денсаулық негізі – тазалық екенін әрқашан жадыңызда ұстаған абзал.
Гүлнар ТӨЛЕПБЕРГЕНОВА,
аудандық санитариялықэпидемиологиялық
бақылау басқармасының басшысы
10 сәуір 2024 ж. 330 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 017

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031