» » Балаларда кездесетін эхинококкоз ауруы

Балаларда кездесетін эхинококкоз ауруы

    Эхинококкоз – үй жануары арқылы тасымалданатын паразитті ауру. Паразит жануардың ішінде бірнеше даму сатысынан өтіп, содан соң ,жануардың нәжісімен жерге түседі. Жерге түскен жұмыртқалар онкосфералар деп аталады. Онкосфералар ауа температурасының өзгерістеріне берік әрі сыртқы ортаға бейімделгіш болып келеді.

    Балалар көбінесе ,үй жануарларымен қарым-қатынас кезінде ,жануарлардың жүні, шаң-тозаң , су арқылы жұқтырады.Егер ,паразит тамақпен бірге ағзаға түссе ,бауыр эхинококкозы , егер ауа арқылы тараса өкпенің эхинококкозы болып табылады. Аурудың белгілері көбінесе байқалмайды, эхинококк өсіндісі өкпені рентгенологиялық немесе бауырды ультрадыбыстық зерттеу кезінде анықталып жатады. Сәбиде эхинококкоз ауруы анықталған жағдайда , барлық отбасы мүшелерін тұрғылықты жер бойынша емханада тексеруден өткізу қажет. Қандай алдын алу шараларын қолға алу қажет ? 1) Жеке гигиенаға , әсіресе ,қол тазалығына аса көңіл бөлу қажет. 2)Үй жануарларын , ауылдық жерлерде ірі қара малды ішек-құрттарынан тазарту шараларын атқару қажет. Жануарларды уақтылы ветеринарлық тексеруден өткізіліп ,олардың қалдықтарын жойылуы, жануар өнімдерін жеткілікті мөлшерде термиялық өңдеуден өткізу қажет. Ветеринарлық қызметтің жұмысын жақсарту ,үй жануарларын эхинококкоз ауруын жұқтыруын бақылауға алу ,бұралқы иттер мен мысықтарды санын азайту , тұрғындардың өмір сүру дағдысын , санитарлық білімі және жеке гигиенаны сақтау мәдениетін арттыру қажет.

ҚР ДСМ ТКҚСҚБК«Ұлттық сараптама орталығы»
ШЖҚ РМК Қызылорда облысы бойынша
филиалының Қармақшы аудандық бөлімшесінің
паразитологиялық зертхана лаборанты А.Ж.Жанғабылова
17 ақпан 2020 ж. 3 239 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 023

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031