» » Қазақстанда әр отбасында кем дегенде бір адам аллергетик, оны себебі неде?

Қазақстанда әр отбасында кем дегенде бір адам аллергетик, оны себебі неде?

Қазақстанда әр отбасында кем дегенде бір адам аллергетик, оны себебі неде?
Көктемдегі күннің шуағымен айналадағы көк атаулының бәрінің гүлдеуімен қатар мезгілдік аллергияның басталатындығы белгілі. Қазіргі заманғы өркениет ауруы ретінде саналатын аллергия өткір тұрған мәселелердің бірі. Өкінішке орай, кез келген отбасының кем дегенде бір мүшесінде осы бір дерттің кездесуі қазіргі заманда қалыпты жағдай ретінде саналып кетті.
Жалпы аллергия дегеніміз ағзаның қоршаған ортаның кейбір әсерлеріне әдеттен тыс сезімталдығы екені белгілі. Ал оны туындататын заттар – аллергендердің өзі ағзаға сырттан түсетін (экзогендік) және ағзаның өзінде өндірілетін (эндогендік) болып бөлінеді. Экзогендік аллергендерге өсімдіктердің тозаңдары, жануарлардың жүні, қылшығы, үй мен көшенің шаңдары, кір жууға пайдалынатын ұнтақтар, кейбір тағамдар, дәрі-дәрмектер, косметикалық иісмайлар, иіссулар т.б. жатады.
Аллергияның дамуына қоршаған ортаның ластануы және аллергия бойынша тұқымқуалау аурулардың болуы, сонымен қатар көбінесе дұрыс тамақтанбау мен дәрілік  препараттарды сауатсыз пайдалану, және тұрғын үй-жайларын мінсіз тазалықта ұстау мақсатында тұрмыстық химияны шектен тыс қолданулар себеп болуы мүмкін.
Көктемде ағаштар мен гүлдер гүлдеп, тал-шіліктер мен шөптер өсе бастаған кезде, осы өсімдіктердің кейбіреуі балалар мен ересектер үшін өте күшті аллергендер болады. Осы кезде адам ағзасында аллергиялық ринит, теріде әртүрлі бөртпелермен қоса, адамның тұншығып жөтелуі немесе бронх демікпесінің асқынуларымен сипатталатын маусым аллергиялар байқалады.
Маусым аллергиясы жылдың белгілі бір кезеңінде ғана пайда болуымен белгілі. Оны туғызатын нәрсе – көктеп тұрған гүл ұрығы. Аллергияның бұл түрін емдеу мүмкін емес, бірақ оған алдын ала дайындалуға болады. Ол үшін бірнеше ай бұрын дәрігерге қаралып, тиісті дәрілерді қабылдау керек.
Осындай аллергия бір түрі - көктем мен күз мезгілінде жиі кездесетін маусымдық аллергиялық ринит немесе поллиноз (латын тілінде «pollen» - өсімдік пен шөп тозаңы және «osіs» - ауру). Бұл ауру өзінің маусымдық сипатымен ерекшеленеді, әсіресе, желмен тозаңданатын өсімдіктер гүлдеп, ауада тозаң көбейіп, ағзаның сезімталдығы көтерілетін кезде байқалады. Поллиноз бір немесе бірнеше аллергендерде дамуы мүмкін.
Маусымдық поллиноз  жоғары тыныс жолдарымен,  көздің шырышты қабығының қабынуымен сипатталады. Аллергендер мұрынның шырышты қабығы, ас қорыту жолдары арқылы ағзаға түсіп, онда арнайы аллергиялық антиденелердің өндірілуіне әкеледі. Кейбір кезде адамның көзі, мұрны және денесі дуылдап қышып, қып-қызыл болып қызарады, бөртіп кетеді. Мұрнынан су ағып, көп түшкіреді. Аяқ асты жөтел пайда болып, терісі бөртеді, ісінеді, тамағын қысып, тыныс алуы нашарлайды. Мұндай жағдайда адамның тіпті тыныс алуының нашарлауынан, демалысы тарылып, өкпесі қысылып немесе денесі ісініп, тамағы тітіркенеді де дем ала алмай естен танып қалуы да мүмкін.
Адамдар көбі бұл аурудың қайдан шыққанын түсінбей, вирустық инфекция деп қателеседі. Осы кезде дәрігерге қаралып, дұрыс анықтамай, уақыт созып, жүріп алады да аллергиясы бронх демікпесіне айналып кетеді. Сондықтан көктем мезгілінде маусымдық аллергиялық рениттің белгілерін байқайтын болсаңыз бірден маман дәрігерлерге жүгінгеніңіз абзал. Адамның бойындағы байқалған белгілер бойынша аллергиялық ренит дәлелденген жағдайда, онда бұл ауруды қыс мезгілінде емдеген жөн және оны емдеу үшін кемінде 3 жылдай уақыт кетеді. Науқас өсімдік гүлдеген кезде тыныс жолдарына (дәке маска байлау) және көзіне (қорғаныш көзілдірік кию) тозаң түсірмеуге тырысуы керек және қыс айларында ауруды қоздыратын арнайы аллергенді анықтау қажет. Сол аллергеннің өте аз мөлшерін ағзаға енгізу арқылы адамның аллергенге көтерілген сезімталдығын азайтады.
Аллергияның кез келген түрімен ауруға бір емес бірнеше факторлардың ықпал ететіндігін әл–Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің биофизика және биомедицина кафедрасындағы хронобиология және хрономедициналық зерттеу орталығында жүргізілген зерттеулерімізге сай, қазіргі заманды біздердің күнделікті өмірде қолданатын тағам өнімдеріміз бен әртүрлі тұрмыстық заттарымыздың құрамында химиялық құрамның мейлінше аз болуы аталмыш аурудың алдын алудың бір жолы болып табылатындығы дәлелденді. Өйткені, тұрмыста химиялық құрамы өте жоғары заттарды пайдалану адамның қорғаныстық қабілетін төмендете отырып, оның аллергендерге деген сезімталдығын арттыруға әкелетіндігі тұжырымдалды.
Сондықтан күнделікті өміріңізде қолданатын тағам немесе тұрмыстық заттар болсын, оларды тұтынар алдында, олардың химиялық құрамына мән бергеніңіз дұрыс. Сонымен қатар көктем мезгілінде, әсіресе өсімдіктер гүлдеген кезде далада ұзақ мезгіл жүрмеуге, ал егер осы мезгілде далаға шыққанда өзіңізден  қандайда бір түшкіру немесе жөтелу, көзіңіздің қызаруы сияқты белгілерді байқасаңыз бірден дәрігердің кеңесіне жүгініңіз.
«Ауырғанша - ауырмайтын жол ізде» деген ұлы халқымыздың нақыл сөзі бар, сол себепті ең бастысы аурудың алдын алу және одан сақтану жолдарын қарастырған абзал.

qamshy.kz



13 қаңтар 2019 ж. 1 268 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 029

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031