АЛЛЕРГИЯ ТҰҚЫМ ҚУАЛАМАЙДЫ
Айткүл Балмаханова, амбулаториялық қызметі бар аудандық орталық аурухананың дерматовенеролог дәрігері
Қазіргі уақытта еңкейген қарттан еңбектеген балаға дейін аллергияның не екенін жақсы біледі. Бұл аурудың көп тарағаны соншалық, кейбір адамдар аллергияның белгілерін сезінгенде, өздеріне «аллергиямын» деп диагноз қойып, өз беттерінше ем қабылдап жатады. Әрине, бұл дұрыс емес. Қазақстандағы әрбір үшінші адам осы ауру түрімен ауыратын көрінеді. Осы мәселе төңірегінде амбулаториялық емханалық қызметі бар аудандық орталық ауруханасының дерматовенеролог дәрігері Айткүл Балмахановамен сұқбаттасуды жөн көрдік.
- Соңғы жылдары аллергия дерті өршіп тұр. Жалпы аллергияның пайда болуына не түрткі?
- Аллергияның маусымдық түрі көп таралған. Шаң-тозаңнан, күннен, шөптен деген сияқты. Бірақ, бізде бұл сала бойынша маман тапшы, жоқтың қасы десе де болады. Науқастарды арнайы облыс орталығына жібереміз. Аллергияның пайда болуына кішкентай балаларда жемістен, экзотикалық өнімнен, тәтті мен шырыннан, ал ересектер арасында шаш бояуы, синтетикалық заттар мен кір жуатын ұнтақты пайдаланғанда пайда болады.
- Кей адамдар аллергияның неден пайда болғанын нақты білмейді. Мұндай жағдайда оны дәл анықтап беретін технология бүгінде бар ма?
- Аллергияны анықтайтын құрал - аллерготест. Ол құрылғы бізде жоқ. Науқас облыс орталығына арнайы жолдамамен жіберіледі. Егер ауруы асқынған жағдайда Алматыдағы тері ауруларын зерттейтін институтқа анализін жібереміз. Нәтижесі келгеннен кейін, ем қабылдаймыз. Ол орталықтан нақ сараптама қорытындылары келеді.
- Бұл кеселді емдеу жолдары қандай? Аллергиядан біржола құтылу мүмкін бе?
- Біржола құтыласыз деп кесіп айта алмаймын. Әр адамның қабылдауы әр түрлі. Тіпті, күнде жеп жүрген жемісіңіздің өзінен аллергия болуыңыз әбден мүмкін. Сондықтан тап басып айту қиын.
- Аллергия тұқым қуалайды ма? Бұл дертке бейім ата-анадан туған балаларға қандай көмек көрсетуге болады?
- Көп жағдайда тұқым қуаламайды. Ата-анасында да болғанның өзінде балаға берілуі сирек кездеседі.Аллергия ішкі және сыртқы фактордың әсерінен жүре пайда болатын ауру түрі. Сондықтан уайымдаудың қажеті жоқ. Тек балаға қолданылмаған тамағын аз-аздан берген дұрыс. Тәжірибе ретінде.
- Аллерголог дәрігер ретінде бұл дерттің алдын алу үшін оқырмандарға қандай кеңес бересіз?
- Ер адамдарда аллергия көп кездесе бермейді. Сирек қана. Ал, көбіне әйел адамдарға шаш бояуынан беттері ісіп, бөртпелер шығып кетеді. Ол үшін өзінің үйренген бояуымен бояғаны дұрыс. Өзінің жасына, бояуға қосылған химикатқа мән беруі керек. Кір жуатын ұнтақтың да сапалысын таңдаған жөн. Арзанның сорпасы татымайтыны белгілі. Синтетикалық киімнен көрі, мақтадан тігілген киім кию керек.
-Әңгімеңізге рақмет!

Сұқбаттасқан: Арайлым АБАЙҚЫЗЫ,
«Қармақшы таңы».