» » Аллергияңыз болса, мына 12 жайтты міндетті түрде біліп алыңыз

Аллергияңыз болса, мына 12 жайтты міндетті түрде біліп алыңыз

Көктемнен басталатын денсаулықтағы проблеманың бірі - аллергия. Өсімдіктер бүр жарып, гүлдей бастағаннан аллергиясы барларды түшкіру, мұрыннан су ағу, көздің жасаурауы, мұрынның бітелуі, тамақтың қышуы, ісік және т.б. мазалай бастайды.

Аллергияңыз болса, мына 12 жайттан хабардар болуыңыз керек.
1. Аллергияның "шекарасы" бар
Белгілі бір заттарға аллергияңыз болса да, бұл аллергия сізді үнемі мазалайтын болады деген сөз емес. Аллергиялық белгілер туындауы үшін аллергендердің белгілі бір мөлшері болса жеткілікті. Ол мөлшер сіздің сезімталдығыңызға байланысты. Сіздің аллергенді сезу мүшеңіз де белгілі бір мөлшерден соң ғана белгі береді.
Мәселен, қатар отырған екі адамның да бір затқа аллергиясы болуы мүмкін. Бірақ олар оның мөлшерін әртүрлі қабылдайды.
2. Аллергиядан табиғи жолмен емделуге болмайды
Аллергиясы барлардың бұл дерттен қатты зардап шегетін белгілі бір маусымы бар. Кейде мүлде байқалмауы да мүмкін. Бірақ бұдан толық жазылып кеттім деп ойлауға болмайды. Аллергияның шарты солай. Белгілі бір кезеңде мүлде байқалмайды да, бірақ басқа бір түрімен белгі береді. Мысалы, балаларда болатын атипиялық дерматит немесе экзема мүлде жоғалып кетіп, біршама уақыттан соң аллергиялық ринит басталуы мүмкін.
Аллергияның бұлайша трансформациялануының себебі белгісіз. Бірақ өздігінен кетіп қалмайтынын біліңіз.
3. Аллергия болдырмайтын қоздырғыштар
Құрамында ақуызы жоқ заттарды ұстағанда немесе байланысқанда (мәселен, қағаз майлық, темекі түтіні, парфюм) туындайтын қоздырғыштар аллергиялық реакция емес. Бұл тек қана химиялық әсер ету, аллергияның оның қатысы жоқ.
4. Азық-түліктен болатын аллергияның өзгеріске ұшырауы
Азық-түліктен болатын аллергияға көбіне жаңа туылған сәбилер ұшырайды. Себебі, олардың ағзалары ақуызбен бірінші рет ұшырасады. Өсе келе балалар сыртқы факторларға әлсіздік таныта береді де, азық-түліктен болатын түрі гүл тозаңына деген аллергияға ауысуы мүмкін.
5 Аллергия мен адамның жасы
Кейбір науқастарда аллергия белгілері жас ерекшелігіне байланысты жыл өткен сайын байқалмауы кездеседі. Бірақ ол бірнеше жылдан соң бұрынғыдан да күшті болып қайта бас көтеруі мүмкін.
6. Аллергияның негізгі 3 белгісі
Аллергиялық әсер - әдетте негізгі үш белгінің жинағынан тұрады: тері астының ісігі, тым артық жасаурау немесе тыныс алу жолдарындағы шырышты сұйықтың артуы, тегіс бұлшықеттің спазмы.
7. Ісік - негізгі белгі
Ереже бойынша, ісік - аллергиялық әсердің негізгі белгісі. Бұл жоғары тыныс алу жолдарының немесе есту мүшелерінің, тамақтың ісінуі болуы мүмкін. Одан ауыр түрі - астмалық ұстама.
8. Темекі түтінінен аллергия болмайды
Көптеген адамдар өздерінде темекі түтінінен аллергия бар деп ойлайды. Себебі, темекі түтінінен жөтеле бастайды немесе тыныс алуы қиындайды.
Темекіден қай кезде аллергия болады? Тек өсімдігімен жанасу кезінде ғана. Түтіні аллергиялық әсер туғызбайды.
9. Алкоголь аллергияны күшейте түседі
Алкогольдің өзі аллергия тудыратын затқа жатпайды. Бірақ аллергиясы бар адамдар алкогольді сусын ішкенде тыныс алуының қиындауы туындайды. Яғни, аллергияны күшейтеді.
10. Аллергияны нәтижелі емдеуге болады
Аллергияны емдеудегі нәтиже өткен ғасырдың 30-жылдарынан бері бар. Дәрі-дәрмектердің негізгі әсер етуі - ағзадағы гистаминді оқшаулау.
Жаңа ғасырдың гистаминге қарсы дәрілері бұрынғыларына қарағанда жанама әсерлер (ұйықтау, әлсіздік және т.б.) туғызбайды және нәтижесі көп.
11. Аллергия ма әлде мигрень бе?
Бас ауруының себебі мигрень де, аллергиялық әсер де болуы мүмкін.
Мигреньде бас ауруы жүйелі түрде тек бір жерден ғана сезіледі. Ал аллергияның әсерінен бас ауруы болса, олай емес. Әр жерден байқалуы мүмкін.
12. Өсімдік тозаңы маусымдық аллергияның басты себебі емес
Маусымдық аллергия кезінде әдетте гүлдің тозаңы себеп деп ойлаймыз. Олай емес. Көктеммен бірге өсімдік тозаңынан басқа ауаға жайылатын көптеген қоздырғыштар бар. Мәселен, қыстай жиналған мал тезегінің құрамы да маусымдық аллергияны қоздырғыш бола алады.

02 сәуір 2018 ж. 1 626 1

JeaCold от 18 ақпан 2019 06:46
Zovirax No Prescription Canada levitra online pharmacy in usa Levitra Generika 20mg Rezeptfrei Cialis Et Generique Propecia Tener Hijos

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 031

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031