» » Кешігіп жүретін адамдардың 4 типі

Кешігіп жүретін адамдардың 4 типі

Кешігіп жүретін адамдардың 4 типі

Сағат таңертеңгі тоғыз болды: сіз жұмыста отыруыңыз керек болса да, әлі шашыңызды кептіріп жатсыз. Сағат кешкі тоғыз болды: сізді бір сағат бойы күтіп отырған достарыңызға жүгіріп барасыз. Таныс жағдай ма?
Жиі кешігетін адамдарды уақыт өте басшылық пен әріптестері ғана емес, сонымен қоса жақын адамдары да жақтырмайтын болады. Жиі кешігіп жүретін болсаңыз, өз типіңізді анықтап, ендігі оны қайталамас үшін шешімін қарастырыңыз.
1. «Мен асыққанда жақсы жасаймын»
Олардың жиі айтатын сылтауы «мен асыққанда жақсы жасаймын» немесе «мен қысым түскенде жақсы істеймін» болуы мүмкін. Берілген жұмысты бір апта бойы созып жүріп, соңғы күні тынбай жұмыс істеп тапсырасыз. Бір жағынан кейде кейінге қалдырудың пайдасы да бар: ештеңе істемей жүргеннің өзінде миыңыз ақпарат жинап жүріп, оны жобаға қосасыз. Алайда оның кемшіліктері көп: жұмысты бастап кете алмай жүресіз, маңызды шешімдерден қашасыз, барлығын соңғы күнге қалдыра бересіз – сол үшін кешіге де бересіз. Жұмысты уақытында тапсырғанмен, көбірек уайымдап, қатені түзеуге уақыт таба алмайсыз.
Шешімі: Мақсатқа аз қадамдармен қозғалыңыз. Соңғы күні қауырт режимде жұмысты орындауға көмектесетін адреналин ағзаға пайдалы емес. Жұмысты кішкентай бөліктерге бөліп, дәйекті түрде орындаңыз. Егер ештеңе жасағыңыз келмесе, өзіңізге ұнайтын іспен айналысып, көңіл күйіңізді көтеріп алыңыз. Содан соң бірден жұмысқа кірісіп кетуге тырысыңыз. Мысалы, қағаздардың ортасында қалып қойсаңыз, аз уақытқа далаға серуендеп келіп, қайтадан кірісіңіз.
2.  «Мен кесте бойынша жүрмеймін»
Бос күнтізбеден соққан бұл еркіндік желі оған күш сыйлайды. Ол нақты жоспарланған оқиғаны жақсы көрмейді және маңызды жұмысты соған сай көңіл күй болғанда жасайды. Бірдеңе жасалмай қалуы да мүмкін. Уақытқа қарауды да ұмытады, сол үшін кешігіп жүреді.
Сіз іштей бір күні ұқыпты және дәл уақытында келетін адам болатын уақыт келеді деп сенесіз, бірақ ол күн әлі де келген жоқ.
Шешімі: Нақты кестесіз барлығына үлгеруге ұмтылу сізді энергиямен қамтамасыз еткенмен, олай тек сіз жүргендіктен, басқаларға ыңғайсыз болып келеді. Өзіңізді достарыңыз бен әріптестеріңіздің орнына қойып көріңіз және олардың сіз үшін ыңғайсыздықта болатындығын ескеріңіз. Аз-аздан өзгеруге тырысыңыз.
3. «Бұл 1 минут уақытты ғана алады»
«Бұл 1 минут уақытты ғана алады», – деп біраз уақыт алатын істі айтасыз. Сіз өміріңіздің бөлігін уақыттың маңызы жоқ кеңістікте өткізіп жатырған секілді әрекет етесіз. Сіз бәрін бірден орындай алмайтындығыңызға іштей қорқасыз немесе тіптен істеуге болмайтын іске көп уақыт кетіресіз.
Шешімі: Жерге түсіңіз. Әр нәрсені жоспарлаңыз, уақытын бағалаңыз, таймер қосыңыз. Содан соң орындап көріңіз, сол кезде қаншалықты қателескеніңізді байқайсыз. Кестеңізді ашып, маңызды еместерді өшіріп, маңыздыларын уақытыңыз міндетті түрде жететіндей етіп алдыға шығарыңыз. Қандай да бір үлкен жобаны ұсақ бөлшектерге бөліп орындаңыз немесе басқа адамдардан көмек сұраңыз.
4. «Уақыт жетпейді, қолым мүлде босамайды».
Кейде өзіңіз туралы ұмытып, мүміндік болса, басқаның шаруасын шешуге кірісіп кете бересіз. Көршіңізге дәрі сатып аласыз, түрлі жобаларда ерікті болып жұмыс істейсіз, барлығына және әркімге көмектесе бересіз – өзіңіздің керек екеніңізді сезініп өмір сүресіз.
Бірақ өзіңізге мүлдем уақыт жетпейді, ішіңізден бостық сезінесіз және әрқашан кешігіп жүресіз.
Шешімі: Бас тартуды үйреніңіз. Адамдарға көмектесуден жақсы іс жоғы рас. Бірақ бәріне үлгеремін деп «жарылғаннан», тәуліктегі сағаттар саны көбеймейді. Әр жерге жүгіріп жүріп, тамақ ішу мен ұйықтауға мән бермеуіңіз мүмкін. Ұсынған жобаға келісім берер алдында 10 секундтай ойланыңыз. «Мұның маңызды екенін білемін, бірақ мен мынадай істермен қолым бос емес еді» деп, шынайы жауап беріңіз.
01 сәуір 2018 ж. 1 741 1

JeaCold от 10 наурыз 2019 19:08
Can I Purchase Tab Secure Ordering Provera Shipped Ups Ceclor Or Keflex Levitra Purchase Cheap viagra Alldaychemist Com

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 272

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 369

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930